Өміршеңдікке толы Жаңатас қаласы

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 тамыз

3 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- People's daily тілшілері Ван Синьпин, Ван Юньсун, Цюй Сун, Чжан Сяодун, Рэнь Хаоюй хабарлайды.

Жаңатас қаласына қытайлық компаниялар келіп, қала тіршілігі жандана түсті.

Оңтүстік өңірдегі электр энергиясының тапшылығын жеңілдету үшін Қазақстан 2011 жылдан бастап жел ресурстарына бай оңтүстікте жел энергетикасы қондырғыларын салу жобаларын іске асырып, жаңа энергия көздерін дамытты.

2018 жылғы ақпанда Жаңатас жел энергетикасы жобасы Қытай мен Қазақстан арасындағы энергетика ынтымақтастығы жөніндегі жобалардың тізіміне енгізілді. 2019 жылдың маусымында жобаның құрылысы ресми түрде басталды. 2020 жылдың 30 қыркүйегінде қондырғылардың бірінші партиясы электр энергиясын өндіре бастады. 2021 жылғы маусымда жоба электр энергиясын өндіру үшін электр желісіне толық қосылып, Орталық Азиядағы ең ірі жел энергетикасы жобасына айналады.

Мәліметтерге сәйкес, Жаңатас жел электр жобасының бірінші фазасының белгіленген қуаты 100 мегаватт, бұл 200 000-нан астам үй шаруашылығының күнделікті электр қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. 2022 жылы электр энергиясын өндіру жобасының қуаты зерттелген болжамнан асып түсті. Жаңатас жел электр жобасы Қазақстан тарапының серіктесі және Visor инвестициялық компаниясының серіктес-менеджері Алмас Чукин: «Қытайлық серіктестер желді ресурсқа айналдырып, небәрі 20 000-ға жуық халқы бар Жаңатасқа жаңа энергетиканың даму толқынын қуып жетуге мүмкіндік берді. Жел энергетикасы жобаларының арқасында жергілікті тұрғындар жаңа жұмыс орындарына ие болды, қаржы саласында жаңа салықтар, қалада жаңа өміршеңдік пайда болды», - деді.

Жел электр станциясының қызметкері Илияс: «Бұл жерде менің тұрақты жұмысым бар, көптеген жаңа техниканы игердім, өмірім де күн сайын жақсарып келеді», - деді. Ілияс журналистерге Қазақстан ұлттық стратегия ретінде жаңартылатын энергия көздерін дамытуды жаңғыртқанын және 2035 жылға қарай жалпы белгіленген қуаты 10 ГВт болатын жаңа энергетикалық жобалар салатынын айтты. «Жаңатас желін толық пайдалану арқылы миллиондаған үй шаруашылықтарын таза энергиямен қамтамасыз етуге және елдің дамуына өзіндік үлес қосқанымды мақтан тұтамын», - деді Илияс.

Осы жылдар ішінде Жаңатас жел энергетикасы жобасы жергілікті халықтың қажеттіліктеріне сәйкес әлеуметтік игілік қызметтерін көрсету үшін арнайы қаражат бөлді. Қытай электр энергетикасы халықаралық даму компаниясының Қазақстандағы жоба жетекшісі Чжао Цзяньганның айтуынша, жергілікті үкіметтің өтініші бойынша Қытай тарапы АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК паркін салды. Болашақта олар жергілікті қоғамдастық үшін балалар ойын алаңын салуды жоспарлап отыр.

Чжао Цзяньган: «Қазіргі уақытта Қазақстан экологиялық таза даму үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Қытайлық компаниялар инвестициялаған Жаңатас Жел энергетикалық жобасы және Ақмола Жел энергетикалық жобасы Қазақстандағы ең ірі жел энергетикалық жобалық топтарға айналады, сондай-ақ болашақта энергияны сақтау, сутегі энергетикасы және интеграцияланған интелектуалды энергетика саласын кеңейтеді. Жаңа энергетика саласындағы Қытай-Қазақстан ынтымақтастығының болашағы зор».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото