Қытай үкіметтік делегациясының (Сиань) Қазақстанға сапары толық табыспен өтті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 19 шілде

19 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай—Орталық Азия саммиті мен Екі елдің көшбасшылары қол жеткізген консенсус нәтижелерін белсенді іске асыру мақсатында Қытай (Сиань) мен Қазақстан арасындағы түрлі салалардағы достық алмасулар мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге жәрдемдесу үшін, 15-17 шілде аралығында Сиань қалалық үкіметінің делегациясы Қазақстанға барды. Делегация Қазақстанның Алматы қаласында сапарда болып, Сиань мен Қазақстан арасындағы арналарды қосу, сауда мен мәдени алмасуларға жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастық кеңістігін кеңейтуге бағытталған экономикалық және сауда алмасу бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді.

17 шілде күні Алматыда Қытай (Сиань)-Қазақстан кәсіпорындарымен ынтымақтастық және алмасу бойынша кездесу сәтті өтті. Қытайдың Алматы қаласындағы консулдығының бас консулы Цзян Вэй, Қазақстан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президенті Ақеркін Ералиева және Қазақстанның ұлттық теміржол әкімшілігінің Қытай тарап басшысы Максим Матюк жиналысқа қатысып, сөз сөйледі.

Қазақстандағы ресми сапар сәтті аяқталғаннан кейін, делегация экономика мен сауданы ілгерілету жөніндегі іс-шараларды жалғастыру үшін 18-24 шілде аралығында Испания мен Италияда болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото