Қазақстан арқылы өтетін Қытай-Еуропа пойыздардың саны 7 жылда 61 есе өсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 14 шілде

14 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- «Қазақстанның көк тысты кітабы: Қазақстанның дамуы туралы есепте (2022)» Қазақстан Қытай-Еуропа поездары үшін маңызды торап болып саналатын және Қазақстан арқылы өтетін поездар саны жылдан жылға артып, 2013 жылғы 77-ден 2020 жылы 4800-ге дейін жетіп, 61 есе көтерілгені аталып өтті. 2021 жылғы жағдай бойынша Қытай-Еуропа пойыздарының 90%-дан астамы Қазақстан арқылы өтеді.

2021 жылы Қытайдың Қазақстанмен экономикалық, сауда және технологиялық ынтымақтастығы жаңа энергетика, автомобиль жасау және инженерлік инфрақұрылым құрылысында, сондай-ақ электрондық коммерцияның цифрлық платформаларды құруда және электрондық коммерция саласындағы мамандарды даярлауда тың дамуға жетті. Қытай күн және жел энергиясы сияқты жаңартылатын ресурстарды пайдалану технологияларын әзірлеуде, пайдалануда және басқаруда айқын артықшылықтарға ие. Бұл «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдердің экономикалық өзгерісі және энергия тапшылығын шешу мен жаңа энергетикалық технологияларды қолдану үшін қуатты қолдау көрсетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото