- Барлық ақпарат
«Қазақстанның көк тысты кітабы»: Қытай мен Қазақстан арасындағы екіжақты сауда соңғы жылдары жаңа деңгейге жетті
14 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 12 шілдеде жарияланған «Қазақстанның көк тысты кітабы: Қазақстанның дамуы туралы есепте (2022)» Қытай мен Қазақстан арасындағы екіжақты сауданың көлемі 2021 жылы жылдық есепте 17,6%-ға ұлғайып, 25,25 млрд АҚШ долларына жеткенін атап өтті.
«Көк тысты кітапты» Солтүстік-Батыс университетінің Қазақстан зерттеу орталығы, Солтүстік-Батыс университетінің Орталық Азия зерттеу институты, Солтүстік-Батыс университетінің Жібек жолын зерттеу институты және қоғамдық ғылымдар бойынша әдебиеттер баспасы бірлесіп шығарды. Онда Қазақстанның 2021 жылғы саяси, экономикалық, ұлттық қауіпсіздік және дипломатиялық жағдайлары жүйелі түрде таныстырылады.
Есептің Қытай кеден қызметінің тауарларды импорттау және экспорттау жөніндегі статистикасына және Қазақстан Республикасы елшілігінің экономикалық және коммерциялық бөлімінің ақпараттарына сәйкес, 2021 жылы Қытай мен Қазақстан арасындағы тауарлардың екіжақты импорты мен экспортының көлемі сәйкес мезгілмен салыстырғанда 17,6%-ға ұлғайып, 25,25 млрд АҚШ долларына жеткені атап өтілген. Олардың ішінде Қытай-Қазақстаннан 11,27 млрд АҚШ долларына тең тауарды импорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға жоғары. Қытайдың Қазақстанға сыртқы сауда экспорты 113,98 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 19,5%-ға өсті.
2021 жылы Қытайдан Қазақстанға импортталатын 20 негізгі өнеркәсіптік тауары және тау-кен шикізаттары мен ауыл-мал шаруашылық өнімдері болды. Нақтырақ айтсақ, тау-кен шикізаттары, минералды майлар, минералды құмдар, көмір, табиғи газ, мыс, мырыш, болат, бағалы металдар, бейорганикалық химикаттар, жаңғақтар, дәнді дақылдар, мақта, темекі, жануарлар жүні, өсімдік майлары, сүт өнімдері, ұн және т.б. Бұл Қазақстанның ірі энергетикалық ел ретінде Қытайға энергия тасымалдаушылар экспортының қарқынды өсуін қолдайтынын көрсетеді.
2021 жылы Қытайдан Қазақстанға экспортталатын 20 түрлі тауарға: қазандық өнімдері, инженерлік электр жабдықтары, ине тоқыма бұйымдары, автомобильдер мен аксессуарлар, жиһаз, оптикалық жабдық, керамика, резеңке, былғарыдан жасалған бұйымдар, аяқ киім мен талшықтардан жасалған маталар, дәрі-дәрмектер, тыңайтқыштар, керамикалық плиткалар сияқты тауарларды қамтиды. Бұл Қазақстанның Қытайлық механикалық және электротехникалық өнімдерге, өнеркәсіптік бұйымдар мен жартылай фабрикаттарға, тоқыма өнімдеріне, тұрмыстық қажетті заттарға, тұтыну тауарларына, құрылыс материалдарына, ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарына және басқа да тауарларға сұранысының артқанын көрсетеді.
Қытай кедені есептеген Қытай-Қазақстан сыртқы саудасы мен сауда әдістеріне сәйкес, 2021 жылы Қытайдың Қазақстанға сауда экспорты тұрғысынан шекарадағы ұсақ саудалар, әдеттегі сауда, бажыға жеңілдік ететін аймақтағы тауарларды сақтау және қайта шығару сияқты сауда тәсілдері үлкен үлес қосты.
people.cn © People's Daily Online