- Барлық ақпарат
Тибеттің қарлы тауларының баурайындағы «жұлдызды аспан» киноханасы
13 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Теңіз деңгейінен 4000 метрден астам биіктікте орналасқан алқап түн құшағына енді. Кино қоюшы Цзяньцань аспаптарды реттеп, тибет тіліндегі «Меконг операциясын» қойды. Фильмді көруге келген ауыл тұрғындары қалалық кинотеатрдағыдай емес, далада отырып кино көрді. Кинотеатрда болатын стандартты креслолар мен попкорн жоқ. Алайда көрермендер жұлдыздардың астында кинодан өзгеше ләззат алады.
Ауылдық фильмдер қоғамдық әл-ауқатқа қатысты киножобалар болып табылады және жыл сайын Цзяча ауданында 800-ден астам қойылым көрсетіледі. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы киноқоюшылардың қанша ұрпағы «Дүниенің жотасында» тау асып, тас басып, үстірттегі оттегі жеткіліксіздігін жеңіп, таулы жолдардағы қауіптерді артқа қалдырып, қарлы үстіртте халыққа фильмдер көрсетіп келеді. Қазіргі уақытта Тибет ауылдарында цифрлық фильмдерді көрсететін 478 көшпелі топ бар.
Бұл Тибет автономиялық регионы Шаньнань қаласы Цзяча ауданы Бэй ауылының кордицепс жинаған орны. Өзен аңғарында 500-ден астам шатыр бар. Мыңдаған ауыл тұрғындары мұнда екі айға уақытша қоныстанады.
Шопан Ниманың айтуынша, кордицепс жинау маусымындағы фильмдердің көрсетілгеніне 10 жыл болды. Ол бала кезінде тұрған ауыл қазір салыстырмалы түрде алыста болды. Фильмді көру үшін ата-анасы кішкентай Ниманы көтеріп, бір сағаттық жол жүретін еді. Ашық аспан астындағы фильмдер көрермендерді туған мекендерінен жыраққа көп шықпайтын олар үшін сыртқы әлемді жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
40 жылдан астам айналысып келе жатқан бұл мамандығын Цзяньцань әлі де жақсы көреді. Кинопроектордың диаметрі 8,75 мм-ден 16 мм-ге дейін, содан кейін 35 мм-ге дейін, соңында цифрлық кинопроекторға дейін өзгереді. Қария ауыл киносының дамуына куә болды. Оның айтуынша, бұрын жабдықты бір сағат бұрын дайындау керек еді. Бүгінде машина қуат көзіне қосылса болды, кино көз алдыңызда шыға келеді.
Енді кез-келген адам фильм көре алатын көптеген арналар пайда болды. Қазіргі уақытта Цзяча ауданындағы цифрлық кинотеатрлардың аппараттық құралдары ірі қалалардағы жабдықтардан кем түспейді. 2010 жылдан бастап кино қоятындардың қатары сирей бастады. Өткен жылы екі кино қоюшы зейнетке шықты да, қазір тек 4 қызметкер қалды. Цзяньцаньнің әріптестерін қуантатыны қойылған фильмнің үнемі өз аудиториясы болады: «Бір көрермен болса да, кино толық қойыла береді».
people.cn © People's Daily Online