- Барлық ақпарат
Қазақстан 2023-2024 жылдары Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына кезекпен төрағалық етеді
5 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің көшбасшылары «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер Басшылары Кеңесінің Нью-Дели декларациясына» қол қойып, жария етті. Декларацияда экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастық пен цифрлық трансформация саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме жасалып, Иранға Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүшесі мәртебесін беру мақұлданды. Беларусьтің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына кіру жөніндегі міндеттемелері бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясы бойынша бірқатар қарарларға қол қойылды.
Кездесуде Қазақстан 2023 --2024 жылдар аралығында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына кезекпен төрағалық ететіні туралы шешім қабылданды.
people.cn © People's Daily Online