«Қорғас—Алматы» халықаралық автомобиль жолаушылар қатынасы екі тараптың күнделікті жөнелтілімдерін ресми түрде ашты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 шілде

4 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 3 шілде күні сағат 11: 00—де Қытайдың Шыңжаңдағы Қорғас қаласынан Қазақстанның Алматы қаласына халықаралық автомобиль жолаушылар қатынасы 58 бірінші топтағы жолаушымен шекарадан шықты. Бұл «Қорғас—Алматы» халықаралық автомобиль жолаушылар қатынасының ресми ашылуын көрсетеді.

Қытай мен Қазақстан - жақын көрші. Екі ел арасындағы сауда саласын дамытып, қос тараптың достық алмасуын кеңейту үшін Қытай-Қазақстан халықаралық автомобиль тасымалдарын басқару департаменті кеден, шекара инспекциясы, қоғамдық қауіпсіздік және өзге ведомстволардың байланысын үйлестіріп, «Қорғас—Алматы» халықаралық автомобиль жолаушылар қатынасын ашты. Маршруттың ұзындығы 360 шақырымды құрап, күн сайын екі бағытқа аттанады. Бұл екі тарап арасындағы сауда мен туризмді дамытуда үлкен маңызға ие.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото