- Барлық ақпарат
Қытай-Қазақстан университеттері озық ғылымдар бойынша алғашқы конференция өткізді
3 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 30 маусымда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытай-Қазақстан озық ғылымдары бойынша конференция өтті. Іс-шараға Қытай мен Қазақстаннан материалтану, информатика және инженерлік коммуникация саласындағы 100-ге жуық сарапшылар мен ғалымдар қатысты.
Ашылу салтанатында Қытайдың Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй былай деді: «Солтүстік-батыс политехникалық университеті мен Қазақ ұлттық университеті Қытай-Қазақстан білім беру саласындағы ынтымақтастықта қарқынды серпіліске қол жеткізу үшін, Қазақстанда бірлесіп филиал ашуы айтарлықтай маңызға ие. Екі оқу орны бұл мүмкіндікті озық ғылыми зерттеулермен алмасуды нығайту және Қытай-Қазақстан достығына қызмет ететін жас таланттарды тәрбиелеу үшін пайдаланады деп үміттенеміз».
Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ж.Түймебаев Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетінің қазақстандық филиалы Қытай университетінің Қазақстандағы, тіпті Орталық Азиядағы алғашқы филиалы ретінде ерекше басымдыққа ие екенін айтты. Бұл семинар екі жаққа да жоғары сапалы филиал құрылысын ілгерілетуге көмектесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуына жаңа серпін әкеледі.
Солтүстік-батыс политехникалық университеті делегациясының басшысы Профессор Чжан Фули Солтүстік-батыс политехникалық университеті Қазақстан ұлттық университетімен бірге екі елдің мемлекет басшыларының маңызды консенсусын жүзеге асыруға, білім беру, ғылыми зерттеулер және басқа да салалардағы алмасулар мен өзара оқытуды жетілдіруге ықпал етіп, екі елге қызмет ету мен «Бір белдеу, бір жол» сапалы құрылысы үшін оң үлес қосуға дайын екенін айтты.
people.cn © People's Daily Online