- Барлық ақпарат
Қазақстандық режиссер Шанхай халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер» сыйлығын жеңіп алды
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 28 маусым
28 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов Шанхайдың 15-ші халықаралық кинофестивалінде «Қаш» атты алғашқы фильмі үшін «Үздік режиссер» сыйлығын жеңіп алды.
Айсұлтан Сейітов бұл жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Қаш» фильмі 1931 жылдан 1933 жылға дейін Қазақстанда болған ашаршылық туралы екі ағайынның оқиғасы арқылы баяндайды.
Түсірілімі 2020 жылы басталған фильм Қазақстанда 2022 жылы қойылымға ұсынылды. Фильм шыққаннан кейін қазақстандық көрермендердің жақсы бағасы мен қолдауына ие болған. Жақын арада бүкіл әлем бойынша прокатқа шығады.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online