- Барлық ақпарат
Алғашқы бес айда Алашанькоу қос портындағы импорттық және экспорттық жүктердің көлемі 5 жылдан бергі жаңа деңгейге жетті
21 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Алашанькоу кеденінен алған ақпаратына сәйкес, осы жылдың алғашқы бес айында Алашанькоу теміржол мен автомобиль портындағы импорттық және экспорттық жүктердің көлемі бес жыл көлемінде сәйкес кезеңдегі ең жоғары деңгейге жеткен. Екі порттағы импорттық және экспорттық жүктердің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,7% - ға өскен.
Осы жылдың алғашқы бес айында Алашанькоу теміржол портының импорттық және экспорттық жүктерінің көлемі 5,627 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 21% - ға ұлғайды. Оның ішінде импорттық жүктердің көлемі 4,093 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,2% - ға артты. Ал экспорттық жүктердің көлемі 1,534 млн тоннаны құрап, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 13,2% - ға өсті; автомобиль портының импорттық және экспорттық жүктерінің көлемі 250 000 тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 300,5% - ға ұлғайғанын көрсетті. Оның ішінде импорттық жүктердің көлемі 45 000 тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 359,4% - ға артты. Ал экспорттық жүк көлемі 205 000 тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 229,1% - ға өсті.
Импорттық және экспорттық тауарлардың түрлері теміржол порттарының негізгі импорттық тауарлары: темір концентраты, мыс концентраты және калий тыңайтқыштары болып табылады. Ал негізгі экспорттық тауар түрлері: механикалық және электротехникалық бұйымдар, киім және тұрмыстық керек-жарақтар. Автомобиль порттарында импортталатын негізгі тауарлар зығыр тұқымы, мұздатылған ет және сұйытылған мұнай газы болса, негізгі экспорттық тауарларды механикалық және электротехникалық бұйымдар мен жоғары технологиялық өнімдер құрайды.
people.cn © People's Daily Online