- Барлық ақпарат
Орталық Азия кинематографистері Шанхай кинофестивалінде
15 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 25-ші Шанхай халықаралық кинофестивалінде Қырғызстаннан келген кинорежиссер, сценарист және актер Актан Арым Кубат кинофестивальдің «Алтын кубок» марапаты бойынша «Азиялық жаңа талант» сыйлығының қазылар алқасының төрағасы ретінде шақырылды.
Бұл Актан Арым Кубаттың Қытайдың Шанхай қаласына бірінші рет келуі, сонымен қатар ол Шанхай халықаралық кинофестиваліне бірінші рет қатысып отыр.
2004 жылдан бастап Шанхай халықаралық кинофестивалі азиялық жаңа талант марапатын ұсына бастады. Биылғы кинофестивальдің азиялық жаңа талант секциясында барлығы 12 азиялық фильм үміткер болды, оның ішінде Қазақстан фильмі «Қаш» және Өзбекстан фильмі «Жексенбі» бар.
«Қаш» фильмінің стилі бөлек, бүкіл фильм негізінен ақ-қара түсті. Режиссер Айсұлтан Сеитовтің айтуынша, фильмде айтылған оқиға Қазақстандағы «аштық» кезінде болғандықтан, барлық желі үмітсіздікке құрылған, сондықтан барынша ауыр етуге тырысқан.
Өзбек фильмі «Жексенбі» егде жастағы адамдардың өміріне негізделген. «Фильм белгілі бір нәсілге немесе елге қаратылмаған, дегенмен қарттар мен жастар арасында ұрпақ алшақтығы бар», - дейді фильмнің режиссері Шокир Холиков, «Дәстүр мен шындықтың қайшылығы, жастар мен қарттардың қайшылығы - бүкіл әлемде ортақ мәселе», - деп сөзін сабақтады өзбек режиссері.
Кинофестивальдің басқа тақырыптарынан және «Бір белдеу, бір жол» кино апталығынан Тәжікстаннан, Қазақстаннан және басқа елдерден келген көркем және деректі фильмдерді көруге болады.
Осы жылдың 18-19 мамыры аралығында өткен «Қытай-Орталық Азия саммиті» кезінде Қытай және Орталық Азияның бес елі бірқатар ынтымақтастық келісіміне қол жеткізді, соның ішінде «Қытай және Орталық Азия кино және телебағдарламаларының көрсетілімін ұйымдастыру» мазмұны да бар.
Шанхай халықаралық кино және теледидар фестивалі орталығының директоры Хэ Вэньцюань биылғы кинофестивальге фильмдерді іріктеу циклі кезінде байқауға қатысуға тіркелген фильмдердің саны мол болды, соның ішінде Орталық Азиядан тіркелген фильмдердің саны айтарлықтай өсті деп таныстырды.
Актан Арым Кубат Қырғызстанның киноиндустриясы соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқанын және болашақта азиялық кинорежиссерлермен ынтымақтасып, саны мол сапасы жоғары кино туындыларын жасауға үміттенетінін айтты.
people.cn © People's Daily Online