China Power International Holding Ltd. Қазақстандағы екі жел энергетикалық жобасында акциялардың сатып алу жөніндегі жұмыстарды аяқтады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 15 маусым

15 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- China Power International Holding Ltd. ресми сайытының жаңалықтарына сәйкес, 13 маусымда бұл компания Қазақстандағы қуаты 39 МВТ Софиевская жел энергетикасы жобасында және қуаты 17 МВТ Арқалық жел энергетикасы жобасында акциялардың бақылауды сатып алу жөніндегі жұмыстарды аяқтады. Бұл жолы жүзеге асырылған екі жобаны China Power International Holding Ltd. инвестициялады, Sungrow компаниясы салған және China Electric Power компаниясы басқарады. Барлығы 11 дана 5 МВТ жел турбинасы жоспарланған және салынған. Екі жоба да Қазақстанның Ақмола облысында орналасқан. Қазіргі уақытта екі жоба салынып жатыр және олар 2023 жылдың төртінші тоқсанында электр желілеріне қосылған кезде толық қуатқа жетеді деп күтіліп отыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото