Шыңжаң-Орталық Азия туризм ынтымақтастығы бірлестігін құру туралы келісімге қол қойылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 14 маусым

14 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 13 маусымда 2023 жылғы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионының туризмді дамыту және туризмді ілгерілету жөніндегі конференциясында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионының туристік агенттіктер қауымдастығы Орталық Азияның бес елінің Туризм индустриясы қауымдастықтарымен және кәсіпорынаралық консультация-ынтымақтастық ұжымдарымен туризм саласындағы Шыңжаң-Орталық Азия ынтымақтастығы бірлестігін құру туралы келісімшартқа қол қойылды.

Орталық Азия – туризм бойынша кіруде ең жылдам өсу қарқынын көрсеткен және ең үлкен әлеуеті бар аймақ. Сонымен бірге Қытай - Орталық Азиядағы туристердің негізгі көзі.

«Бірлестік құру Шыңжаң және Орталық Азия елдері арасындағы мәдени туризм, өнім әзірлеу, насихаттау, ақпарат алмасу, туристерді өзара жіберу және нарықтық нормалар платформасын құру саласындағы ынтымақтастық пен алмасуды одан әрі нығайтады», - деді Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионының туристік агенттігі қауымдастығының төрағасы Ву Фэн.

«Болашақта біз Орталық Азияның бес елімен Шыңжаңның мәдени туризм индустриясының даму тенденциялары мен сипаттамаларына арнайы зерттеулерді күшейтеміз, үкіметтік ведомстволарға нақты салалық ақпарат пен ұсыныстар береміз және Шыңжаң мен Жібек жолы бойында орналасқан елдер арасындағы практикалық ынтымақтастыққа жәрдемдесу үшін, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жолды» сапалы дамыту жолында Азия мен Еуропа арасында «алтын дәліз» жасауға мәдени туризм индустриясының оң үлесін қосамыз».

Бірлестік-үкіметтік емес, коммерциялық емес және бейресми аймақаралық ынтымақтастық ұйым.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото