Биылғы алғашқы Қазақстан арпасы Ганьсуға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 14 маусым

14 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 12 маусымда Увэй оңтүстік теміржол вокзалына сыйымдылығы 53 вагон 40 футтық контейнерлік жүк тасымалдайтын Орталық Азиядан қайтқан пойыз келді. Бұл биылғы алғашқы Ганьсуға келген Қазақстан Семей-Қытай Увэй бағытындағы арпа тиелген Орталық Азия пойызы.

Халықаралық жүк пойызына негізінен Қазақстанның Семей қаласынан әкелінетін арпа тиелген, жүктің салмағы 1612 тонна, ал жүктің жалпы құны шамамен 4,03 миллион юань. Ол 5 маусымда Қазақстанның Семей қаласынан жолға шығып, 3340 шақырым жол басып, 7 күннен кейін Увэйға келді. Бұл арпалар Ганьсу өлкесіндегі және тіпті солтүстік-батыс аймағындағы астық және жем өңдеу кәсіпорындары үшін трансшекаралық жеткізілімдердің толық циклін қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Орталық Азиядан қайтатын Қытай-Еуропа «Тұлпар нөмірлі» пойызындағы тауарлардың түрлеріне тамақ ұны, жем ұны, зығыр тұқымы, кебек түйіршіктері, жоңышқа түйіршіктері, арпа және басқа да тауарлар жатады. Олар Батыс өңірдің жем өнеркәсібі мен ауылшаруашылық, малшаруашылығын дамыту үшін жоғары сапалы кешенді сыртқы сауда қызметтерін ұсынады, сонымен бірге, Солтүстік-Батыс аймақтың сапалы экономикалық дамуына түрткі болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото