Шанхайда «Бір белдеу, бір жол» кино апталығы өтіп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 12 маусым
Шанхайда «Бір белдеу, бір жол» кино апталығы өтіп жатыр

12 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Шанхай халықаралық кинофестивалінің секцияларының бірі ретінде Шанхайда «Бір белдеу, бір жол» кино апталығы ашылды. 9-18 маусым аралығында көрсетілімге «Бір белдеу, бір жол» елдерінен 20 жаңа фильм қатысады.

Биыл «Бір белдеу, бір жол» бастамасына 10 жыл толады және «Бір белдеу, бір жол» кинофестивальдер альянсының құрылғанына 5 жыл толады. Қазіргі уақытта кинофестиваль альянсына 48 елден 55 ұйым қосылды.

«Бір белдеу, бір жол» кино апталығы аясында фильмдер көрсетілімдері мен кездесулер, баспасөз конференциялары, семинарлар, форумдар және т. б. сияқты бірқатар іс-шара өтеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото