- Барлық ақпарат
Қазақстан Президенті Тан батыс базар мұражайына сыйлық ұсынды
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 12 маусым
12 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 8 маусым күні түстен кейін Қазақстан Республикасы Бас консулдығының Сианьдағы бас консулы Жошыхан Қыраубаев Қазақстан Президенті атынан Сианьдағы Тан батыс базар мұражайына сыйлық ұсынды.
Бұл сыйлық беліне алты күміс реңді кішкене асық бейнесі басылған үлкен алтын түсті асық. Көшпелі халықтар мәдениетінде сиыр, қойлар өмірдің жалғасуы мен отбасылық байлықтың символы болып есептеледі. Егер табынды сиыр, қоралы қойы болса, асық та көп болып, ол тілектердің орындалып, жақсы баталар беріліп, жамандық алыс болатынын білдіреді.
Сыйлық Қазақстандағы көшпелі халықтың бала күнінен ойнайтын асық ойынынан алынған. Ол бұрындары Қытайдың солтүстік аймағындағы балалар ойны да болған.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online