- Барлық ақпарат
Баоцзиден Орталық Азияның бес еліне Қытай-Еуропа пойыздары тұрақты қатынайтын болды
![]() |
9 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында 50 контейнерден тұратын X9041 Қытай-Еуропа пойызы батысқа қарай Қазақстанның Алтынкөл шекарасына баратын Шэньси өлкесінің Баоцзи қаласындағы Янпин теміржол логистикалық базасынан жолға шықты. Бұл Баоцзиден Орталық Азияның бес еліне Қытай-Еуропа пойыздары тұрақты қатынайтынын білдіреді.
Мәліметтерге сәйкес, Қытай-Еуропа пойызы Шэньси өлкесінің Баоцзи қаласынан жолға шығып, Шыңжаңдағы Қорғас порты арқылы ел шекарасынан аттанады. Қазақстандағы Алтынкөлге шамамен 3100 шақырым жол басып, 7 күнде жетеді. Пойыз тиелген тауарлардың қатарында негізінен лифтілер, маталар, үйде жүгіру машиналары, шыны ыдыстар, қорғаныс киімдері және ламинатталған едендер сияқты экспорттық өнімдер бар. Алтынкөлге жеткеннен кейін олар Орталық Азиядағы көрші елдер мен аймақтарға таратылады.
people.cn © People's Daily Online