- Барлық ақпарат
«Шэньчжоу-16» ғарышкерлері ғарыш станциясының негізгі кабинасына кірді
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 31 мамыр
31 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың «Шэньчжоу-16» ғарыш кемесіндегі үш ғарышкер 30 мамырда Қытайдың «Тяньхэ» ғарыш станциясының негізгі модуліне кіріп, ондағы үш экипаж мүшесімен кездесті. Осылайша орбитада кезек алмасудың жаңа раунды басталды.
Бұдан соң ғарышкерлер бірге суретке түсті. «Ғарыштағы кездесу» Қытай ғарыш станциясы экипажының орбитада екінші рет кезек алмасуының басталғанын білдіреді.
Қытайдың Басқарылатын ғарыштық бағдарлама кеңсесінің мәліметі бойынша, алты ғарышкер әр түрлі міндеттер мен өткізу тапсырмаларын орындау үшін шамамен бес күн бірге жұмыс істейтін болады.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online