- Барлық ақпарат
Қош Бол Сиань!
Өзбекстан «Ренессанс» телеарнасының журналисті Динара Сианьда ақпарат таратуға дайындалып жатыр. Фотомен қамдаған автор
21 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Тұңғыш Қытай - Орталық Азия саммиті сәтті аяқталды. «Сиань ежелгі Жібек жолының бастапқы нүктесі. Сонымен бірге Сиань - Еуразия құрлығындағы өркениеттің дамуына, өзара тоғысуына, бірге гүлденуіне өз үлесін қосқан қала. Бүгінде Шығыс пен Батыс өркениеттерін ықпалдастырған бұл ежелгі қала «Бір белдеу, бір жол» бастамасының он жылдығында өзінің шешуші рөлін ойдағыдай атқарып, саммитті табыспен өткізді», - деді аса тебіреніспен Өзбекстен «Ренессанс» телеарнасының журналисті Динара Нығматуллаева.
Динара саммит барысында алты елдің басшылары Қытай мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастың дамуын және Қытай-Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесу тетігін жетілдіруді талқылағанын, сонымен бірге ресми өкілдердің ортақ көңіл бөліп отырған әртүрлі сала бойынша ынтымақтастық туралы пікір алмасып, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойғанын жеткізді. Журналист Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы өзара құрметтің жаңа деңгейге көтерілгенін айтты.
Қазақстандық BAQ.KZ ақпараттық агенттігінің тілшісі Гүлжан Раманқұлова әлемнің барған сайын күрделене түскен көрінісі аясында, алты ел мемлекет басшыларының Сианьға аймақтың болашақ дамуы туралы қарым-қатынастарды үйлестіру және пікір алмасу үшін жиналуы өте маңызды екенін айтты. Жақын арада әр ел саммит нәтижелерінің оң әсерін сезінеді деген сенімін де жеткізді.
Қазақстандық BAQ.KZ ақпараттық агенттігінің тілшісі Гүлжан Сиань қаласының кешкі көрінісін тамашалауда. Фотомен қамдаған автор
Гүлжанға саммит барысындағы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Орталық Азия елдерінің егемендігі, қауіпсіздігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы қорғалуы керек» және «әлемге тұрақты, гүлденген, жарасымды және өзара байланысты Орталық Азия қажет» дегенді баса айтуы ерекше әсер етті. Қытай басшысы тағдыры ортақ Қытай мен Орталық Азия қауымдастығын құру туралы идеяны да ұсынды дегенді Гүлжан әсерлене қайталады.
Динара сонымен қатар саммитті ұйымдастырушылар әлемнің түкпір-түкпірінен келген журналистерге өздерінің дамуын, тарихы мен мәдениетін бір-біріне таныстыруға көптеген мүмкіндіктер жасағанын, сондай-ақ Орталық Азия мен Қытай журналистеріне өзара үйренуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
Саммит туралы ақпарат тарата отырып, тілшілер ежелгі Сиань қаласының көркем жерлерін де таныстырды. Осылайша бүкіл әлем халқы Қытайдың ғасырдан-ғасырға ұласқан тарихи мұрасы мен мәйекті мәдениетін сезіне алды.
Гүлжан: «Қытайда болған үш сапарымда да Сиань үнемі міндетті түрде баратын қалам. Сиань халқы ақкөңіл әрі қонақжай. Қала маған өзінің ежелгі тарихи атмосферасымен айырықша әсер етті», - дейді.
Динара да Сианьда бірнеше мәрте болған. Ол: «Мен бұл қалаға келген сайын Сиань маған әртүрлі жаңа тосын сыйлар ұсынады», - деді қуана.
people.cn © People's Daily Online