- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевпен келіссөз өткізді
![]() |
18 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 17 мамырда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Сианда «Қытай—Орталық Азия» саммитіне қатысу және мемлекеттік сапарда болу үшін Қытайға келген Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевпен келіссөздер жүргізді.
Си Цзиньпин «Қытай-Орталық Азия» саммитіне қатысу үшін және мемлекеттік сапармен келген Президент Қ.Тоқаевты ықыласпен қарсы алатынын айтты. «Мен Президент Қ.Тоқаевты Сианьда қарсы алғаныма қуаныштымын. Бүгін сіздің 70-ке толған мерейтойыңыз. Сізді туған күніңізбен тағы да құттықтаймын! Осы ерекше күнде Сіздің Қытайға мемлекеттік сапармен келуіңіз екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін көрсетеді. Сонымен бірге Қытаймен арадағы айырықша тығыз байланысыңызды тағы бір рет дәлелдейді»,-деді Төраға Си Цзиньпин.
Қытай-Қазақстан қатынастары жаңа «Алтын отыз жылдыққа» қадам басты. Екі тарап та дәстүрлі достықты жігерлі түрде ілгерілетіп, бір-бірін берік қолдайды. Өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетіп, ортақ дамуға және жандануға ұмтылады. Сондай-ақ дәуірлік достыққа, жоғары өзара сенімге және қуаныш пен қайғыны бірге бөлісуге негізделген Қытай-Қазақстан тағдыры ортақ қауымдастығын құруға ықпал етеді.
people.cn © People's Daily Online