Қазақстан мен Қытайдың Сиань қаласы медициналық мекемелермен онлайн консультацияны іске қосады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 15 мамыр

15 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- «Биыл 4 жасқа келген аутизм спектрінің бұзылуы диагнозы қойылған және сырқат белгілері күрделі бір науқас балаға жергілікті емдейтін орын болмағандықтан, ата-анасы дәстүрлі қытай медицинасынмен емделуге үміттеніп, орталықты іздеп келіпті». 12-нші мамыр күнгі қашықтықтан кеңес беру кезінде «Қытай-Қазақстан дәстүрлі медицина орталығының» Қытай тарапының басшысы Лю Ютан баланың сырқатымен толық таныстырып, Қытай мен Қазақстанның медициналық бригадалары осы жағдайға арналған жеке емдеу жоспарларын тұжырымдау керектігін жеткізді.

Сол күні түстен кейін Ұлттық дәстүрлі қытай медицинасы қызметінің экспорттық базасында және Сиань дәстүрлі қытай медицинасы энцефалопатия ауруханасының халықаралық бөлімшесінің телемедицина орталығында «Қытай-Қазақстан дәстүрлі медицина орталығының құрылысын ілгерілету және қашықтықтан кеңес беру бойынша кездесу» өтті.

Қашықтықтан кеңес беру кезінде Қытай мен Қазақстаннан келген медициналық бригадалар бірнеше баланың жағдайын талқылады. Сиань дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасының энцефалопатия бойынша деканы Сон Хуйцзе, вице-президент Ду Сяоган, дәрігерлер мен реабилитологтар қазіргі диагностикамен және балаларды тексерумен бірге, Қытай және Батыс медицинасын заманауи оңалту әдістерімен біріктіріп емдеу бойынша ұсыныстар берді.

Сиань дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасының энцефалопатия бөлімі соңғы жылдары Орталық Азия елдерімен медициналық ынтымақтастық мүмкіндіктерін белсенді түрде қарастырып жатқанын хабарлады. Дәстүрлі қытай медицинасының жаһандануын насихаттай отырып, шетелдік пациенттерді қабылдауға әзір екендерін айтты.

Хабарламаларға сәйкес, 2022 жылдың қыркүйегінде Сиань дәстүрлі қытай медицинасы энцефалопатия ауруханасы Шэньси өлкелік дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасымен және қазақстандық серіктестермен «Қытай-қазақстандық дәстүрлі медицина орталығының» (бұдан әрі «орталық» деп аталады) бірлескен құрылысы туралы келісімге қол қойды. Сол жылдың желтоқсан айында Қазақстанның Астана мен Алматы қалаларында орталықтар мен қосалқы орталықтар құрылды. Бүгінгі таңда орталықта 5300-ден астам пациент емделген.

Орталықтың Қазақстандық бөлімінің басшысы және Қазақстандағы Астана медицина университетінің дәстүрлі медицина орталығының директоры Еран дәстүрлі қытай медицинасы «қарапайымдылығымен және тиімділігімен» жергілікті тұрғындар арасында танымал екенін айтты. Орталықтың құрылуы Қазақстан тұрғындарының дәстүрлі қытай медицинасын түсінуге, сенуге, таратуға ықпал ете бастады.

«Дәстүрлі қытай медицинасы мен дәстүрлі қазақ медицинасының өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары, сондай-ақ олардың ортақ тұстары да бар. Бұл орталық Қазақстан мен Қытай арасындағы дәстүрлі медицинаны интеграциялауға және қолдануға жәрдемдесу үшін оңтайлы техникалық платформа ұсынады». Шэньси дәстүрлі қытай медицинасы университетінің қазақстандық түлегі және қытай медицинасы орталығының терапевті Исмаил Дауров бұл орталық қытай медицинасын диагностикалау мен емдеуге арналған стандартталған платформаны ұсына отырып, Қазақстандағы жетекші рөлі бар диагностикалау мен емдеудің шетелдік орталығы екенін айтты.

Сон Хуйцзе болашақта энцефалопатиядағы Сиань дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасы «Интернет+дәстүрлі қытай медицинасы» халықаралық интеллектуалды медициналық платформасын және дәстүрлі медицина саласындағы халықаралық ынтымақтастық платформасын оңтайландыруды жалғастыратынын, талантты мамандарды даярлауды күшейтетінін және дәстүрлі медицинаны ілгерілетудің ұзақ мерзімді механизмін құратынын айтты. Жергілікті заңдар мен ережелерді құрметтеу принципіне сүйене отырып, біз дәстүрлі қытай медицинасының артықшылықтарын толық пайдаланамыз. Орталық Азия елдері арасындағы дәстүрлі медицина саласының талантты мамандар алмасуы мен ынтымақтастығын үнемі нығайтып, орталықты медициналық диагностика, емдеу, оңалту, мамандарды оқыту және мәдени алмасуларды біріктіретін дәстүрлі медициналық орталыққа айналдыруға тырысамыз.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото