Орталық Азияның бес елінде қытайлық фильмдер мен телебағдарламалардың көрсетілімі басталды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 мамыр
Орталық Азияның бес елінде қытайлық фильмдер мен телебағдарламалардың көрсетілімі басталды

4 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Орталық Азия бес елінің бұқаралық ақпарат құралдары мен Қытайдың Орталық радио және теледидар басқармасы бірлесіп ұйымдастырған «Орталық Азияға махаббат» атты Қытай фильмі мен телебағдарламасының көрсетілімі ресми түрде басталды. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы негізгі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қытайдың Орталық радио және теледидар басқармасы аударған көрнекті Қытай фильмдері мен телебағдарламаларының үздік нұсқалары жергілікті көрермендермен жүздесті.

«Орталық Азияға махаббат» - қытайлық кино және телебағдарламалардың көрсетілімі «Ұшқыш» , «Адамзаттың көмір ізі» , «Өмірдегі тұңғыштар» , «Шыңжаңның дәмі» «Сәлем жаңа Тибет» сияқты Қытай стиліндегі модернизация процесін бейнелейтін Қытайдың Орталық радио және теледидар басқармасынан 7 көрнекті кино және теледидар бағдарламаларын жинады. Бұлар жергілікті 6 тілге аударылып, Орталық Азия елдерінде таратылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото