Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо: екі ел бірлесіп салған «Бір белдеу, бір жол» ынтымақтастық жобасы көп тұрғынды бақытқа жеткізеді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 25 сәуір
Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо: екі ел бірлесіп салған «Бір белдеу, бір жол» ынтымақтастық жобасы көп тұрғынды бақытқа жеткізеді

25 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 23 сәуір күні Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо «Қытай стиліндегі замандану бойынша сұрақтар мен жауаптар - «Бір белдеу, бір жол» бастамасының он жылдығы» атты Қытай-Қазақстан зерде орталығның медиа-диалогына қатысты.

Чжан Сяо өз сөзінде Биылғы жыл Қазақстанда «Бір белдеу, бір жол» бастамасының ұсынылғанының он жылдығына сәйкес келетінін атап өтті. Соңғы он жылда аталмыш жоба дамудың ерекше жолын басып өтті. Сөйтіп, қазіргі әлемдегі ең ірі халықаралық ынтымақтастық платформасына айналды.

Чжан Сяо бүгінде Қытай әлемдегі 151 елмен және 32 халықаралық ұйыммен «Бір белдеу, бір жол» құрылысын бірлесіп құру құжатына қол қойғанын атап өтті. Бұл әлем елдерінің үштен екі бөлігін және әлем халқының 63%-ын құрайды. Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, 2030 жылға қарай «Бір белдеу, бір жол» бүкіл әлем бойынша 7,6 миллион адамға төтенше кедейліктен және 32 миллион адамға орташа кедейліктен арылуға көмектеседі және жол бойында орналасқан елдерде 420 000 жұмыс орнын қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Чжан Сяо бастаманың негізгі қатысушысы ретінде Қазақстан географиялық жағдайы жақсы және көрші елдермен тығыз қарым-қатынастағы ежелгі Жібек жолының маңызды торабы болып табылатынын айтты. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Қытай мен Қазақстанның бірлескен құрылыс нәтижелері баршаға айқын. Қазақстан бірқатар жаңа автомобиль және теміржол құрылысын жүргізді. Сондай-ақ транзиттік тасымал әлеуетін іске асырды. Қазақстан арқылы өтетін Қытай-Еуорпа пойыздарының жол жүру уақыты екі тарапта да 5-6 күнге қысқарды. Өткен жылы екі елдің теміржол тасымалының көлемі 23 миллион тоннаға жетіп, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 20%-ға өсті.

Чжан Сяо «Бір белдеу, бір жол» бастамасының құрылысына қатыса отырып, Қазақстан Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерімен экономикалық байланыс жасау үшін «Теңізге шығу жолы» жобасына қол жеткізгенін айтты. Бастама шеңберінде Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық инфрақұрылымның өзара байланысымен шектелмейді. Сонымен қатар цифрлық технологиялар, жаңартылатын энергия көздері, коммуникация, медицина және денсаулық сақтау, мәдени және білім беру алмасулары, басқа да көптеген салаларды қамтиды. Оның айтуынша, соңғы 10 жылда екі тарап Шымкент мұнай өңдеу зауыты, Алматы фотоэлектрлік электр станциясы, Солтүстік Қазақстан агротехнопаркі, Шығыс Қазақстан ядролық модульдер зауыты, Қызылорда шыны зауыты, Қостанай автомобиль зауыты және т.б. сияқты көптеген демонстрациялық жобаларды салған. Бірлескен жобаларды іске асыру Қазақстанды индустрияландыру деңгейін арттырып қана қоймай, тұрғындардың көпшілігіне береке әкелді. Дүниежүзілік банк бағалауы бойынша, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы Қазақстанның ЖІӨ-ін 21%-ға арттыруы мүмкін. Мұны өткен жылғы екі ел арасындағы сауда туралы деректер де растайды. 2022 жылы Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі алғаш рет 331 миллиард АҚШ доллары деңгейінен асып, жыл сайын 23,6%-ға өсіп отырды. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында екі ел арасындағы сауда көлемі 26,8%-ға ұлғайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото