ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 21 сәуір

ҚР Президенті ел тұрғындарын Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ораза айт – елдігімізді еселейтін мереке. Біз мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайта береміз. Еліміздің әр шаңырағы бақыт пен қуанышқа бөленсін! Халқымыздың ырысы мен ынтымағы арта берсін!»,- деген тілектерін жолдады ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото