Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі бөлімше комитетінің 15-інші отырысы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 21 сәуір

21 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 19 сәуірде бейнебайланыс арқылы Қытай-Қазақстан Ынтымақтастық комитетінің мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі бөлімше комитетінің 15-інші отырысы өтті. Қытай мәдениет және туризм министрлігінің партия тобының мүшесі және Гугон музейінің президенті Ван Сюйдун Қазақстан Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаевпен кездесуде тең төрағалық етті.

Тараптар сөз сөйлеп, екі ел арасындағы мәдениет, туризм, білім, радио және теледидар, кино, мәдени мұраны қорғау, баспа ісі, архивтер, жастар саясаты және басқа да салалардағы алмасулар мен ынтымақтастық туралы Қытай-Қазақстан Ынтымақтастық комитетінің мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі бөлімше комитетінің 14-інші отырысы кейінгі жұмыс жоспарларымен бөлісті және бөлімше комитетінің келесі қадамдары туралы пікір алмасты.

Кездесуден кейін Ван Сюйдун мен Ержан Еркінбаев онлайн режимде кездесу хаттамасына қол қойды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото