Қытайдың үстірттегі әуежайлары саны жағынан әлемде бірінші орында

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 сәуір

13 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Азаматтық авиация әкімшілігі директорының орынбасары Хан Цзюнь сәуірдің 12-сі күні 2012 жылдан бастап Қытайдағы шағын және орта әуежайларды салу жобалары әртүрлі күрделі жағдайлардағы құрылыстың техникалық қиындықтарын жеңіп, үстірттерде және биік ендіктердегі мұзды аймақтарда әуежай салу технологиясы бірте-бірте кемелденгенін айтты. Қазіргі уақытта елімізде 20 үстірт әуежайы (теңіз деңгейінен 1524-2438 метр) және 23 биік үстірт әуежайы (теңіз деңгейінен 2438 метрден жоғары) бар. Олар саны бойынша әлемде бірінші орынды иеленген.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото