Қытайдың ядролық энергетикалық технологиялары әлемге жол алды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 сәуір

Фото: Хуалун №1 әлемдегі алғашқы реактор-Фуцзянь Фуцин атом электр станциясының 5-інші энергия блогы

13 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- «Біз атом энергетикасының жаһандық құрылысында бұрынғы «ілесуден» бүгінгі «қатар жүруге» дейін жеттік. Енді болашақта «көш бастаушы» боламыз». China Nuclear Industry Construction Co., Ltd. (бұдан әрі China Nuclear Construction деп аталады) төрағасы Чен Баожидың бұл сөзі өзіне деген әсіре сенімділіктен емес, атом өнеркәсібіндегі 32 жылдан бергі күрес барысындағы жүрегін жарып шыққан сөзі.

«Мен өз елімнің атом өнеркәсібін құру, дамыту және өсіру процесіне куә болу және қатысу құрметіне ие болдым. Материктегі атом энергетикасында нөлдік серпіліске қол жеткізу үшін Циньшань атом электр станциясының құрылысын аяқтаудан бастап, Даявань атом электр станциясы, Тяньвань атом электр станциясы және Фуцин атом электр станциясы сияқты әлемдегі негізгі атом электр станцияларының құрылысына дейін көз алдымнан өткердім. Бұдан соң еліміздің өзі дербес жобалаған үшінші буын атом электр станциялары «Хуалон №1» бүкіл әлемге «ұлт келбетінің картасы» ретінде әйгілі болды. Бұл нәтижелердің бәрі мен үшін үлкен мәртебе», - деді Чен Баожи.

2020 жылғы 27 қарашада әлемдегі алғашқы «Хуалон №1» атом электр станциясының реакторы, Фуцин атом электр станциясының № 5 энергия блогы электр энергиясын өндіру үшін желіге қосылды. Бұл Қытайдың шетелдік ядролық-энергетикалық технологиялар монополиясынан қол үзіп, өз алдына озық ядролық-энергетикалық технологиялары бар елдер қатарына ресми кіруін айғақтады.

Қытайда салынып жатқан атом электр станцияларының белгіленген қуаты мен ауқымы әлемде алдыңғы қатарда көрінгені, China Nuclear Construction ел іші сыртында жоғары беделге ие атом энергетикасы объектілерін салу кәсіпорнына айналды. Атом электр станциясының құрылыс қуаты бір уақытта 2 энергоблок салудан, бір уақытта 40 энергоблок салуға дейін ұлғайтылды. Чен Баожидың айтуынша, China Nuclear Construction Қытайда салынып жатқан барлық атом электр станцияларының құрылысына қатысқан. Қазіргі уақытта барлығы 83 атом энергоблогы салынды. Оның 60-ы пайдалануға беріліп, 23-і салынуда. Бұл құрылыс-еліміздегі атом энергетикасы құрылысының абсолютті негізгі қозғаушы күші.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото