150 Yutong автобусы Қазақстанға жеткізілді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 сәуір

13 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың 150 Yutong автобусы Қарағандыға жеткізілді. QazTehna зауытынан өңделіп шыққан көлік елдің қоғамдық жүйесіне пайдалануға беріледі. Бұл қытайлық автобустардың биылғы «Бір белдеу, бір жол» нарығындағы тағы бір серпілісі.

Yutong қазақстандық нарыққа 2005 жылы шыққан. Қазақ еліндегі жоғары бағалауға сүйене отырып, Yutong Bus және оның Қазақстандағы серіктестері бірлесіп, QazTehna зауытын салуды жоспарлаған болатын. Зауыт жылына 1200 Yutong автобусы мен 500 техникалық құралдарды шығара алады. Сондай-ақ дәнекерлеу, бояу, құрастыру, сынау және басқа да жұмыс түрлерін дербес орындайды. Мұнан тыс жеңіл автомобильдерді, карьерлік және санитарлық көлік құралдарын өндіреді және өңдейді.

Қытайлық компаниялар тиісті өңірде ауқымды жұмыс орындарын құрып, өнім шығарудан технологияға дейін жетілдіруді қамтамасыз етеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото