- Барлық ақпарат
Музыка үнімен тербелген ауыл
![]() |
12 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы Синьхэ ауданы Жай ауылындағы Әйіт Иминнің шеберханасына кірсеңіз, өзіңізді музыка аспаптарының «мұражайын» аралағандай сезінесіз. Танбур, дуттар, рубаб, сатар, гиджак, қол барабан... там қабырғасы әр түрлі музыкалық аспаптармен толған.
Бір музыка аспабы бір ауылды танымал етті. Соңғы бірнеше жылда Әйіт Иминнің ауласына келушілердің аяғы толастамады. Оның дутар шалып отырған бейнесі мен тартымды күй әуені Жай ауылын алыс-жақынға танымал етті.
Әйіт Имин 50 жылдан астам уақыт бойы қолдан жасалған музыкалық аспаптар шығарумен айналысады және оның әулетінде бес ұрпағы да музыкалық аспап шебері. «Мен музыкалық аспаптар жасауға арналған материалдардың арасында өстім. Бұл қолөнерді әкем маған мұра етіп қалдырған. Біздің ауылдың музыкалық аспаптар жасау тарихы 300 жылдан асады. Өзім 15 жасымнан бастап музкалық аспаптарды жасай бастадым. Ол кезде ауылда музыкалық аспаптар жасайтын екі-үш адам ғана болған. Қазір әр отбасы дерлік музыкалық аспаптармен байланысты жұмыстар жасайды».
Әйіт Имин ауылдағы ең көп өсетін тұт ағашы қолөнершілер үшін баға жетпес құнды қазына екендігін айтып: «Тұт-музыкалық аспаптар жасаудағы сапалы материал. Сатарды дайындау үшін тұт және түйе сүйектері қолданылады. Әдетте бір сатарды жасау шамамен 3 айға созылады», - деді Әйіт Имин.
Жай ауылы «Қытайдың Шыңжаңындағы қолдан жасалған халықтық музыкалық аспаптар шығаратын алғашқы ауыл» деп аталады. Музыкалық аспаптар жасау шеберлігі себепші болып, туризмнің танымалдығы артты. Соның арқасында Жай ауылы танымал саяхат аумағы мен Шыңжаңдағы саяхаттық ерекшелігі бар аймаққа айналды. Шағын ғана ауылдағы әрбір үйдің өміршеңдігі музыкалық аспаптармен байланысты. Кейбіреулері музыкалық аспаптар фабрикаларында жұмыс істейді, кейбіреулері музыкалық аспаптар шеберханаларын басқарады немесе үйде музыкалық аспаптар дүкендерін ашады. Ал кейбіреуі саяхат аумағында қызметші болып жұмыс істейді... Жай ауылдағы сүргілер мен қашаулардың дауысы, балалардың күлкісі тартымды музыкаға айналып ауылдың өзіне ғана тән тартымды үніне айналған.
2008 жылдың маусымында Жай ауылы ұлттық музыкалық аспаптар жасау дағдылары Ұлттық материалдық емес мәдени мұра тізімдерінің екінші партиясына кірді. 2012 жылы Әйіт Имин Ұлттық материалдық емес мәдени мұраның өкілдік мұрагерлері тізіміне енгізілді.
Шеберлік ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді
1976 жылдың жазында Әйіт Имин оң қолын абайсызда жаралап алып, мүгедек болып қалды. Оң қолы қалыпты созуға жарамайды. Шебер қолдарымен отбасын асырап отырған Әйіт Имин үшін бұдан ауыр соққы болған жоқ. Алайда қолының жарақаты оның өнерге деген сүйіспеншілігіне тұсау бола алған жоқ. Отбасының қолдауымен 3 жылдан астам құлшыныстан кейін музыкалық аспаптарды жасай беретін болды.
Әйіт Иминнің айтуынша, ол осы жылдар ішінде 200-ден астам шәкірт қабылдады. Олардың алтауы мүмкіндігі шектеулі және кедей отбасыларынан шыққан жастар. Шебер өмір бойы үйренген тәжірибесімен бөлісіп, олардың музыкалық аспаптар арқылы баю жолына түсуіне себепші болды.
Сыртта жұмыс істейтін жастар ауылға оралды
Бұрынғы Жай ауылы қазіргідей емес еді. Музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігінің мұрагері Абдулла Ибрайым музыкалық аспаптар мен туризімнің игілігін көргеннен кейін ауыл күннен күнге гүлденіп сала бергендігін айтты. Оны таңырқатқаны музыкалық аспаптар жасаудың болашағын көргеннен кейін, бұрын сыртқа шығып жұмыс істеуге барған жастар музыкалық аспаптар жасауды үйрену үшін ауылға оралып жатыр.
Биыл 30 жастағы Құрбан Шәмші музыкалық аспаптар жасаумен айналысқанына 10 жылдан асты. Ол көбінесе музыкалық аспаптарды қысқа бейнелер мен тікелей эфирлер арқылы сатады. Ол ауылдағы 15 жаспен бірге жылдық табысы 1 миллион юаннан асатын «Туған жер музыкалық аспаптар дүкенін» ашты. «Біз тікелей эфирлер арқылы музыкалық аспаптарды тіпті де алысқа сата алмыз» дейді Құрбан Шәмші.
Бақтияр Амут ауылдағы музыкалық аспаптар жасаушылардың көпшілігі Әйіт Иминнан оқығанын айтты. Жай ауылы жылына орта есеппен 20 000-нан астам музыкалық аспап сатады. 2022 жылы ауылда шығарылатын және сатылатын музыкалық аспаптардың жылдық өндірісі 18 миллион юаньды құрады. Өнімдер тек Бейжіңге ғана емес, одан да алыс еуропалық, жапондық және кореялық нарықтарда сатылды.
people.cn © People's Daily Online