- Барлық ақпарат
Шанхайда Tesla-ның шетелдік энергияны сақтауға арналған алғашқы аккумуляторлық зауыты құрылды
![]() |
10 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 9 сәуір күні Шанхайда Tesla Energy storage super factory жобасына ресми түрде қол қою рәсімі өтті. Қытайдың (Шанхай) еркін сауда пилоттық аймағының жаңа ауданын басқару комитеті Tesla компаниясымен келісімшартқа отырды.
Бұл - Шанхайдағы (Қытай) жаңа энергетикалық көлік суперзауытынан кейінгі Teslaның Қытайда құрған екінші үлкен зауыты. Сонымен қатар бұл компанияның Америка Құрама Штаттарынан тыс жерде энергияны сақтау суперзауытын құрудағы алғашқы жобасы болады.
Мәліметтерге сәйкес, Tesla energy storage super factory зауыты Tesla компаниясының ультра үлкен коммерциялық аккумуляторларын (Megaback) шығаруды жоспарлап отыр. Жылдық жоспарланған 10 000 коммерциялық энергияны сақтауға арналған аккумуляторларын өндіріп, энергияны сақтау көлемі шамамен 40GWh болып, өнім әлемдік нарықты қамти алады. Tesla energy storage super factory жобасы 2023 жылдың үшінші тоқсанында басталып, 2024 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
people.cn © People's Daily Online