«Ляньюньган Қытай-Қазақстан логистикалық ынтымақтастық базасы» Қазақстан үшін теңізге жол ашты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 30 наурыз
«Ляньюньган Қытай-Қазақстан логистикалық ынтымақтастық базасы» Қазақстан үшін теңізге жол ашты

30 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» бастамасы ұсынылған алғашқы ел. 2013 жылғы қыркүйекте Қытай мен Қазақстан мемлекет басшыларының қатысуымен, Қытай Цзянсу өлкесі Ляньюньган және Қазақстан мемлекеттік теміржол акционерлік компаниясы жүктерді транзиттік тасымалдау арнасы мен транзиттік-бөлу базасын бірлесіп салу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Сөйтіп, «Ляньюньган Қытай-Қазақстан логистикалық ынтымақтастық базасы» жобасы іске асты. 

Енді әлемдегі ең үлкен ішкі құрлық елі-Қазақстан теңізге қосылды.

10 жылдан кейін 5000-нан астам пойыз жөнелтілді

2023 жылғы 26 наурызда жүк пойызы Ляньюньган Қытай-Қазақстан логистикалық ынтымақтастық базасына келіп тоқтады. Екі күннен кейін Қазақстаннан 2300 тонна қорғасын мен мырыш құймалар тобы базаның жанындағы Ляньюньган портынан кемеге тиеліп, Жапонияға, Оңтүстік Кореяға және Оңтүстік-шығыс Азияға бет алды.

Ляньюньган Қытай-Қазақстан логистикалық ынтымақтастық базасы екі мемлекеттің «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салудағы алғашқы негізгі жобасы. 10 жыл ішінде база арнайы теміржол желісі болмаған шағын алаңнан, құрлық пен теңіз арқылы бірлескен тасымалдау орталығына айналды.

Қытай—Қазақстан шекарасында Қытайдың Қорғас шекарасынан небәрі 15 шақырым жерде орналасқан «Қорғас — шығыс үлкен қақпа» сусыз порты өте қарбалас. Осындағы өндірістік кеңсені басқаратын 51 жастағы Мұрат Сүлейманов мұнда 6 жылдан бері еңбек етеді. Ол осы уақыт ішінде Қазақстан мен Қытайдың бірлескен инвестициясы арқылы салынған сусыз порттың даму процесіне куә болып келеді.

2017 жылғы 8 маусымда Қазақстанға үшінші рет келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытай-Қазақстан трансшекаралық көлік ынтымақтастығы туралы қысқаметражды фильмді тамашалаған еді. Фильмде негізгі база мен сусыз порт та бейнеленген. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин өз сөзінде Ляньюньган мен Қорғасты байланыстырған Азия-Еуропа құрлық және теңіз интермодальды тасымалдарының жаңа арнасы «Бір белдеу, бір жол» ынтымақтастық бастамасының демонстрациялық жобасы ретінде салынатынын айтқан болатын.

Мұраттың айтуынша, сусыз порт салынғанға дейін, бұл ара қағыр таулар мен шөл даладан тұратын. Бірнеше жыл ішінде «Қорғас — шығыс үлкен қақпасы» Орталық Азиядағы ең ірі сусыз портқа айналды. Қазір мұнда транзиттік контейнерлерді ауыстырудың жиынтық көлемі 1,2 млн TEU-ға жақындады.

Алтынкөл гүлденді

Сусыз портқа кіретін қазақстандық станция Алтынкөл деп аталады. «Қазір айналадағы ауыл балалары университетке түсерде мақсатты түрде механикалық мамандықты таңдайды. Оқуды бітіргеннен кейін олар өзге аймақтан жұмыс іздемей, бірден сусыз порттан еңбек жолдарын бастай алады. Қандай жақсы!» Мұрат журналистерге бірқатар көпқабатты үйлерді көрсетіп, сусыз порттың айналасында шағын блоктар мен сауда орталықтары салынғанын және өзі де осында қоныстанғанын айтты.

«Екі ел, бір мақсат». Қазақстанға қарай жолға шыққанда қазақ тілінде жазылған бұл билборд ерекше көзге түседі. Мұрат «Бір белдеу, бір жол» жобасы Қытай мен Қазақстанның бірлескен күш-жігерінің арқасында, Азия-Еуропа құрлық және теңіз интермодальды тасымалдарының жаңа арнасын байланыстыра алады деп есептейді. «Қазір Қазақстанның Тынық мұхитқа тікелей шығатын «теңіз порты» бар және ол Азия мен Еуропаны байланыстыратын маңызды көлік торабына айналды! Бұл аймақ та гүлдене бастады, біз де де жақсы кәсіпке ие болдық».

Төрт теңізді байланыстыратын «Бір белдеу, бір жол» бастамасы осылайша әр ел халқының өркендеу туралы ортақ армандарын біріктіреді. Азия мен Еуропада Қазақстан арқылы өтетін «Болат түйе керуені» биік таулар мен шөлдерді кесіп өтіп, 14 күнде 11 000 шақырымнан астам жол жүріп, Юньнань мен Вьетнам кофелерін Еуропа дастарханына жеткізеді. Үндіқытай түбегінде Қытай-Лаос теміржолының трансшекаралық жүк пойыздары Лаос, Тайланд, Мьянма, Малайзия, Камбоджа және басқа елдерді қамтиды. Пойыздардың орташа тәуліктік саны 2-ден 12-ге дейін өсті және Лаос «ішкі құрлықтық елден» «құрлықтарды жалғайтын елге» айнала бастады.……

«Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысының артықшылығы әлемнің 3/4-тен астам елдері мен 32 халықаралық ұйымдарын өзіне тартты. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото