Такламаканға алғашқы арнайы туристік пойыз жіберіледі

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 28 наурыз

28 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 27 наурызда сағат 22:25-те «Такламаканды айналу· ұмытылмас сапар» атты Y936 туристік пойызы 523 туристі алып, Үрімжі стансасынан аттанды. Алда Такламакан шөліне 11 күндік саяхат жасалады. Бұл әлемдегі алғашқы «шөлді айналатын» Хотан-Чарқылық теміржолы ашылып, іске қосылғаннан кейін арнайы туристік пойыздың тұңғыш рет сапарға шығуы.

Такламакан туристік пойызы Кұшәр, Қашқар, Хотан, Чарқылық, Корла және басқа да жерлерден өтіп, жыл мезгіліне байланысты жол бойындағы көрікті жерлердің стансаларына аялдап отырады. Пойыз ұйықтайтын орынмен толық жабдықталған әрі түнде жүріп, күндіз туристердің саяхаттауына арналған. Биыл 18 рет сапарға шығу жоспарланған., Әр жолы 500-ден астам туристерді қабылдай отырып, оларға топтық сапар, жеке тапсырыстық сапар және ерікті сапар сияқты туристердің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.

Ежелгі және жұмбақ Такламакан шөлі Шыңжаңның оңтүстігіндегі Тарым ойпатының ортасында орналасқан. Бұл Қытайдағы ең үлкен шөл және әлемдегі екінші үлкен жылжымалы құмдық. Оның ауданы 330 000 шаршы шақырым. Шексіз құм теңізі, өлмес тораңғы және қою оазис сияқты бірегей табиғи көріністерден басқа, шөлдегі ежелгі Жібек жолының оңтүстік бағыты да тарихи және мәдени құндылықтарға бай.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото