Адамзат шамамен 5000 жыл бұрын атқа міне бастаған

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 наурыз
Адамзат шамамен 5000 жыл бұрын атқа міне бастаған

7 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Адамзат атқа қашан міне бастады? Жақында бірқатар елдің зерттеушілері американдық Science Progress журналына шамамен 5000 жыл бұрын адам қаңқасының қалдықтарынан атқа мінудің ең алғашқы дәлелдерін тапқаны туралы мақала жариялады.

Зерттеушілер Болгария, Польша, Румыния, Венгрия және Чехия мұражайларында қола дәуіріндегі 200-ден астам адамның қаңқа қалдықтарын зерттеп, сүйек морфологиясында атқа мінуге байланысты өзгерістер болғанын анықтады. Зерттеушілер атқа мінудің сипатын «шабандоз синдромы» деп атады. Оның ішінде ұршық ойығы, ортан жілік және жамбас сүйегіне тән тозу белгілері байқалған.

Талдау көрсеткендей, бес қаңқа қалдығы шамамен 4500-5000 жыл бұрын Орталық Еуропада өмір сүрген ямная халқының шабандоздарына тиесілі болуы мүмкін. Жылқы өсірудің дәйектері және ямная халқының тіршілік еткен жұртынан табылған өзге айғақтармен бірге, зерттеу олардың сол кезде атқа міне білетіндігін көрсетті. Зерттеушілер атқа міну ямная халқына ақпаратты тиімдірек жеткізуге, одақтар құруға және олардың экономикалық қызметінің негізі болып табылатын сиыр табындарын басқаруды жақсартуға көмектескенін айтты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото