- Барлық ақпарат
Елімізде қысқа бейнелерді пайдаланушылар саны алғаш рет миллиардтан асты
![]() |
3 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжіңдегі Қытайдың интернет-ақпараттық орталығы (CNNIC) жариялаған «Қытайдағы интернеттің дамуы туралы статистикалық есепке» сәйкес, Қытайдағы қысқа бейнелерді пайдаланушылардың саны алғаш рет миллиардтан асып, пайдаланушылардың пайдалану деңгейі 94,8%-ға жеткен.
Қытайдың аудиовизуалды бағдарламаларға қызмет көрсету желілік қауымдастығы бас хатшысының орынбасары Чжоу Цзе саланың дамуымен қысқа бейне мазмұны байытылып, пайдаланушылар санының өсуіне және қызығушылықтың артуына ықпал ететінін айтты. Қысқа бейнелер мен тікелей эфирлер, электронды коммерция, білім беру, туризм және басқа салалар бір-бірін толықтырып, біртіндеп ұлттық қосымшаларға айналады.
Қысқа бейне платформасы электронды коммерция бизнесін кеңейтуді жалғастырып жатыр. Бұл пайдаланушылардың тұтынушылық әдеттеріне қатты әсер етті. 2022 жылдың маусымында Douyin (Қытайда қолданылатын Tik Tok) қысқа бейнелердің қойылым көрсеткіші бір жылда 44%-ға өсті, ал қысқа бейнелер ауқымындағы тауар транзакцияларының жалпы көлемі сәйкес кезеңмен салыстырғанда 161%-ға өсті. Үшінші тоқсанда Kuaishou электронды коммерциясының тауар транзакциялары 222,5 миллиард юаньға жетіп, сәйкес кезеңмен салыстырғанда 26,6%-ға артты. Трафик пен тиімділіктің артықшылықтарына сүйене отырып, сатушыларды көбірек тартуды жалғастырды. Осылайша жаңадан ашылған сауда дүкендерінің саны сәйкес кезеңмен салыстырғанда 80%-ға өсті.
people.cn © People's Daily Online