Дулаты порты жүктерді тікелей порттық тасымалдауды жүзеге асырады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 20 ақпан

20 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 16 ақпанда біздің жүргізушілер мінген екі қытайлық жүк көлігі Дулаты портынан Қазақстандағы Қалжат портына аттанды. Порт қытайлық жүргізушілер басқаратын автомобиль тасымалы бойынша халықаралық біліктілігі бар қытайлық жүк көліктерін бірінші рет шығарды. Бұл қатынас коронавирус туралы жаңа алдын алу ережесін енгізгеннен кейін, порттың Қытай мен Қазақстан арасында жүктердің тікелей өтуін ресми түрде жүзеге асырғанын білдіреді.

Бұрын портта халықаралық автомобиль тасымалы бойынша біліктілігі бар жүк көліктері тек қазақстандық көлік құралдары болған. Ал эпидемия кезінде тауарлардың портқа кіруі мен шығуы үшін негізінен контейнерлерді көтеру режимі қолданылған. Қытай мен Қазақстан жүргізушілері бір-бірінің аумағына кірмейтін. Порттағы сыртқы сауда бизнесінің дамуына байланысты қазақстандық жүргізушілердің қазақстандық жүк көліктерін елден әкетуінің бастапқы моделі өсіп келе жатқан тасымалдау қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады.

Жақында жарияланған «Автономды регионның сыртқы сауданың тұрақты дамуын қолдау бойынша бірқатар шаралары» сауданы үздіксіз жүргізуге және порттардағы тікелей жүк тасымалын қалпына келтіруді жеделдетуге назар аударуды ұсынады. Талаптарға сәйкес Дулаты кедені жергілікті билік органдары, кәсіпорындар мен қазақстандық кеден арасындағы байланыс көпірін салу үшін Қазақстанмен кедендік өзара іс-қимыл тетігін пайдаланып, порттардағы трансшекаралық жүк тасымалдарына деген өскелең сұранысты қанағаттандыру үшін, 30 қытайлық жүк көлігінің сыртқы сауда тасымалын жүзеге асырды.

Тауарларды кедендік декларациялауға жауапты тұлға Хэ Тяньцзянның айтуынша, қытайлық жүк көліктері елден кедергісіз шыға алады және әрбір көлік порттың «өту» режимінде логистикалық шығындар үшін 5000 доллардан астам қаржысын үнемдейді. Бұл кәсіпорындардың трансшекаралық көлік шығындарын айтарлықтай төмендетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото