Қазақстан арпасын тиеген пойыз Цзянсиге жетті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 20 ақпан

20 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 17 ақпан күні Ганьчжоу халықаралық құрлық портына 130 тонна қазақстандық арпаны тиеген «Жаңа Жібек жолы» нөмірлі Орталық Азия пойызы келіп тоқтады. Жеткізілген арпа бұдан соң Ганьчжоудағы биотехнологиялық компанияның өндірістік зауытына жіберіледі.

Орталық Азия пойызы Қазақстанның Ақмола облысынан жолға шығып, Шыңжаңдағы Алашанькоу порты арқылы елге кіргеннен кейін, Ганьчжоу халықаралық құрлық портына жетті. Сапар 20 күнге созылды.

Кеден департаментінің мәліметі бойынша, Ганьнань аумағындағы жем-шөп өндіретін кәсіпорындардың арпаға деген сұранысы жоғары. Қазақстандық арпаның сапасы жақсы, бағасы да төмен. Өнімнің өзіндік құнын тиімді төмендетуге мүмкіндіктің болуы, кәсіпорындар арасында арпаның танымалдығын арттырды.

Жоғарыда аталған компанияның сатып алу жөніндегі менеджері Ли Миньминь кері қайтатын Қытай-Еуропа пойызы теңіз көлігіне қарағанда тұрақты, жылдам және арзан екенін айтты. Өткен жылдан бастап елге қайтатын пойыздармен тасымалдау көрсеткіштерін зерттегенде, олардың зауыты Орталық Азияның «Жаңа Жібек жолы» нөмірлі пойызы арқылы құны шамамен 19 миллион юань болатын 7100 тоннадан астам қазақстандық арпаны импорттап, шығындардан 700 000 юаньнан астамға үнемдеген.

Соңғы жылдары Қытай-Еуропа (Азия) пойызы Орталық Азия мен Еуропа елдерін оңтайлы байланыстырды. Сонымен бірге, сыйымдылығы жоғары, экологиялық таза және көміртегі аз жаңа жер үсті көлігін қалыптастырып, байырғы Ганьнаньді сыртқы әлемге танытуға жол ашты. Ганьнань аймағына тән өнімдер Қытай-Еуропа (Азия) пойыздарымен бүкіл әлемге жөнелтіледі. Ал кері пойыз «Бір белдеу, бір жол» бойында орналасқан елдерден маңызды бұйымдарды тиеп, елге қайтады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото