- Барлық ақпарат
Еліміз қала саябақтарындағы жасыл алаңдарды ашып, ортақ пайдалану бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырады
7 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың тұрғын үй-қала-ауылды дамыту министрлігі хабарлама шығарып, қала саябақтарындағы жасыл алаңдарды іске қосу және ортақ пайдалану бойынша пилоттық жұмыс жүргізу туралы шешім қабылдағанын жариялады. Бұл бастама саябақ көгалдарын, орман алқаптарын және бос жерлерді ашық және ортақ пайдалану үшін іске қосып, қосымша қызмет көрсету нысандарын жақсартады. Шатыр тігу, спорт, фитнес, демалыс орындары сияқты нысандар адамдардың табиғатпен етене араласуын жүзеге асырады. Пилоттық жоба 1 жылға есептелген.
Хабарламаға сәйкес, оңтүстік аймақтар «Ашуға тура келсе толықтай ашу» принципіне сәйкес пилоттық жұмыстарды белсенді түрде жүргізіп, ашық және ортақ пайдалану аймағын біртіндеп кеңейтілуі керек. Басқа аймақтар нақты жағдайға сәйкес пилоттық қалаларды таңдап, ашық және ортақ аймақтарды ақылға қонымды түрде анықтауына болады. Кезек алмасып баптау жүйесі сияқты басқару тетіктерін құру мүмкіндігін біртіндеп зерттей отырып, қалалық саябақтар мен жасыл кеңістіктерді ашуға және ортақ пайдалануға ықпал етуі тиіс.
Хабарламаға сәйкес, ашық және ортақ аумақ салыстырмалы түрде тегіс жерде, толық қызмет көрсету нысандары және апаттық қорғаныс аймақтары бар өңірде болуы керек. Табиғи апаттар қаупі бар, экологиялық осал және жабайы хайуанаттардың тіршілігіне кедергі келтіретін аймақтардан аулақ болуы қажет.
Белсенді пилоттық жұмысы және айқын нәтижелері бар қалалар үшін Ұлттық бақша қалаларын бағалауға басымдық беріледі. Деректер көрсеткендей, 2012 жылдан 2021 жылға дейін еліміздегі қалалық аумақтарды көгалдандыру коэффициенті 39,22% - дан 42,06% - ға дейін өскен. Ал жан басына шаққандағы қалалық саябақтардың жасыл кеңістігі 11,80 шаршы метрден 14,78 шаршы метрге дейін ұлғайған.
people.cn © People's Daily Online