- Барлық ақпарат
Қытайдың Шыңжаңында өсетін жаңғақтар Ресей мен Қазақстанға экспортталады
![]() |
18 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 16 қаңтар күні тілшінің Шыңжаңның Қағылық ауданы ауыл шаруашылығы және ауылдық істер бюросынан алған мәліметіне сәйкес, Қағылықтағы сапасы жоғары жаңғақ өнімі Ресей мен Қазақстанға экспортталады екен.
Қашқар аймағы Қағылық ауданы - Шыңжаңдағы жаңғақ өндіретін ең ірі база. Жаңғақ отырғызу алаңы 42667 гектарға жетеді. Аудандағы 300 000-нан астам диқандар жаңғақ кәсібімен кірістерін арттырып отыр. Қазіргі уақытта ауданда жаңғақ өндірісімен байланысты 47 кәсіпорын мен кооператив іске қосылған. Бұл кәспорындар 1500-ден астам ауыл тұрғынын жұмыспен қамтыған.
Мәліметтерге сәйкес, 2022 жылы Шыңжаңның Қағылық ауданындағы 42667 гектар жаңғақ бағынан алған өнімнің жалпы көлемі 135 000 тоннаны құраған. Осы уақытқа дейін шамамен 80 000 тонна жаңғақ сатып алынған.
people.cn © People's Daily Online