Отандық алғашқы «жасанды өкпе» нарыққа шығуға рұқсат алды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 қаңтар

6 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Отандық экстракорпоральды мембраналық оттегімен емдеу өнімінің (ECMO) нарыққа шығуы мақұлданды. Өнім COVID-19-бен жұғымдалған ауыр науқастарды емдеуге қолданылады.

Мемлекеттік дәрі-дәрмек басқармасы веб-сайтының ақпаратына сәйкес, коронавирус салдарынан өкпесі қабынған салмақты науқастардың емдеу қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, 2023 жылдың 4 қаңтарында отандық экстракорпоральды мембраналық оттегімен емдеу өнімі (ECMO) нарыққа шықты.

Мемлекеттік дәрі-дәрмек басқармасы in vitro жүрек-өкпе көмекші жабдығының осы түрін және мембраналық оксигенаторлардың бір реттік жинағын тіркеуге өтінімді шұғыл түрде қолдады. Бұлар тыныс алуы жедел әлсіреген немесе жедел сипатты жүрек-өкпе қуаты төмендеген ересек науқастарға қолданылады.

ECMO жабдықтары мен шығын материалдарының пакеті алғашқы отандық өнім ретінде тәуелсіз зияткерлік меншік құқығына ие. Олардың өнімділік көрсеткіштері халықаралық сәйкес өнімдермен деңгейлес.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото