2022 жылғы Қытай туралы маңызды экономикалық деректер

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 30 желтоқсан

30 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылғы он ірі экономикалық деректер Қытай экономикасының тұрақты, әлеуетінің жоғары және өміршеңдігінің жеткілікті екенін көрсетеді.

Астық өндірісінің жалпы көлемі 686,53 миллиард килограмды құрады

2022 жылы елдегі астық өндірісінің жалпы көлемі 686,53 миллиард килограммды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,68 миллиард килограмға артып, 0,5% - ға өсті. Астық өндірісі сегіз жыл қатарынан 650 миллиард килограмм деңгейінде сақталды.

Қала-қалашықтарда 11,45 миллион адам жұмысқа орналасты

Осы жылдың алғашқы 11 айында бүкіл ел бойынша қала-қалашықтарда 11,45 миллион адам жұмысқа орналасып, 11 миллион адамды орналастырудың жылдық мақсаты мерзімінен бұрын орындалды.

Сыртқы сауда 8,6 %-ға өсті

Алғашқы 11 айда Қытайдың импорты мен экспортының жалпы құны 38,34 трлн юаньды құрап, өткен жылғы сәйкес мезгілмен салыстырғанда 8,6% - ға өсті.

Жедел жеткізудің көлемі 100 миллиард данадан асты

1 желтоқсанда Мемлекеттік пошта бөлімшесінің ірі деректер платформасы Қытайдағы жедел жеткізу бизнесінің көлемі 2022 жылы 100 миллиард данадан асқанын көрсетті.

Тұтыну бағасы 2,0 %-ға өсті

Осы жылдың алғашқы 11 айында ұлттық тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орташа есеппен 2,0% - ға өсті. Азық-түлік пен энергияға әлемдік бағаның күрт өсуі және сырттан кірген жоғары инфляциялық қысым жағдайында еліміздегі баға ахуалы тұрақтылығын сақтады.

Зейнеткерлердің зейнетақы деңгейі 4%-ға артты

Экономикалық құлдыраудың қысымына және эпидемияның салдарына қарамастан, Қытайдағы зейнетақы төлемдері өсті. 2022 жылы зейнетақының жалпы деңгейі 2021 жылмен салыстырғанда 4% - ға артты.

Жаңа энергетикалық көлік құралдарын өндіру және сату көлемі 6 миллионнан асты

Қытайдың жаңа энергетикалық көліктері әлемдік жаңа энергетикалық көліктердің саудасында маңызды орын алуда. Қытай автомобиль қауымдастығының мәліметтері бойынша, 2022 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін жаңа энергетикалық автомобильдердің өндірісі мен сатылымы сәйкесінше 6,253 млн және 6,067 млн болды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 есеге артық.

Белсенді жұмыс істейтін озық өндірістік компаниялар 9000- ға жетті

2021 жылы Қытайдың өңдеу өнеркәсібінің жаһандық қосылған құны шамамен 30%-ды құрады. 5G, электрлі теміржол көлігі, құрылыс техникасы, жаңа энергетикалық көліктер және тұрмыстық техника сияқты көптеген салаларда бірқатар ұлттық брендтер құрылды. Сонымен қатар өнімінің сапасы мен беріктігі жоғары бірқатар шағын және орта кәсіпорындар жетілдірілді.

Соңғы жылдары біршама саяси бастамалардың арқасында Қытайдағы мамандандырылған, кемелді, бірегей, жаңа шағын және орта бизнестің дамуы ұлғая түсті.

2,2 миллионнан астам 5G базалық станциялары

«Қытайдағы кең жолақты дамытудың ақ кітабы 2022» Қытайдың әлемдегі ең үлкен және технологиялық ең дамыған тәуелсіз 5G желісін салғанын көрсетеді. Осы жылдың қыркүйек айының соңындағы жағдай бойынша барлығы 2,22 миллион 5G базалық станциясы салынып, іске қосылды. Ал 5G желісі барлық қалалық-аудандық аумақтарға және бүкіл елдегі негізгі ауыл-қалалықтарға таралды.

100 миллион киловаттан асты: жаңартылатын энергия көздерінің белгіленген қуаты жандануда

Деректер 2022 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін елдегі жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндірудің жаңа орнатылған қуаты 113,69 миллион киловатт болғанын көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,15 миллион киловатқа артық. Электр энергиясын «жасыл» жолмен өндіру жалғасын табуда.

Қытайдың цифрлық экономикасының ауқымы 7,1 триллион АҚШ долларын құрады

Қытайдың ақпараттық-коммуникациялық зерттеулер академиясы жариялаған «Жаһандық цифрлық экономика туралы Ақ кітап (2022)» мәліметтері бойынша, Қытайдың цифрлық экономикасы 2021 жылы 77,1 трлн АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш әлем бойынша екінші орында. Өнеркәсіптік интернет қазіргі уақытта ұлттық экономиканың 45 негізгі саласына толығымен біріктіріліп, саланың ауқымы триллион юаньнан асты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото