- Барлық ақпарат
Sinopec-тің «Терең жерасты жобасы» тереңдік бойынша жаңа рекорд орнатты
29 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 28 желтоқсанда Sinopec-тің «Терең жерасты жобасында» тағы бір серпіліс жарияланды. Компанияның Сычуань ойпатында орналасқан тәуекелді барлау «Юаньшэнь 1» ұңғысы 8866 метр тереңдікке сәтті бұрғыланып, жаңа тереңдік рекордын орнатты.
Ақпараттарға сәйкес, 8000 метрден астам тереңдікте бұрғылау бірқатар әлемдік проблемаларға кездесті. Мысалы терең жердің жоғары температурасында бұрғылау ерітіндінің тұрақтылығын және ластанудың алдын алу қабілетінің жоғары болуын талап етеді. Сонымен қатар 8000 метрден астам тереңдікте маңызды таңдау жасау күрделі әрі көп уақытты қажет етеді. Sinopec барлау филиалы мен бұрғылау, каротаж және ұңғымаларды салу бөлімшелері бірлескен зерттеулер жүргізіп, қарқынды дамуға қол жеткізу үшін Қытайдағы мұнай мен газдың карбонатты кен орындарын терең барлау мен игеруді қолдайтын ультра терең бұрғылаудың бес негізгі технологиясын қалыптастырды.
Сычуань ойпатында орналасқан Фулин тақтатас газ кен орны ― Қытайда коммерциялық түрде игерілетін алғашқы ауқымды нысан. 2012 жылдың соңында барлау саласында үлкен жетістікке қол жеткізілді. Соңғы 10 жылда Фулин тақтатас газ кен орнында 900 миллиард текше метрге жуық қордың жинақталғаны дәлелденіп, 53,2 миллиард текше метр газ өндірілді. Бұл Қытайдағы тақтатас газ кен орындарында жиынтық өндірудің жаңа рекордын орнатты.
people.cn © People's Daily Online