Елімізде тиімді патенттерді индустрияландыру деңгейі 36,7 %-ға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 29 желтоқсан

29 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 28 желтоқсанда Мемлекеттік зияткерлік меншік басқармасы «2022 жылғы Қытайдағы патенттік тексеру туралы есеп» пен «2022 жылғы Қытайдағы зияткерлік меншік құқықтарының дамуын бағалау туралы есепті» жариялады. Есепте Қытайдағы патенттерді түрлендіру тиімділігі тұрақты түрде артып келе жатқаны, зияткерлік меншікті қорғау ортасы үнемі оңтайландырылып отыратындығы көрсетілді.

Есептерге сәйкес, соңғы бес жылда қытайлық өнертабыс патенттерін индустрияландыру қарқыны тұрақты түрде өсті. 2022 жылы бұл көрсеткіш 36,7%-ды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,3 пайыздық тармаққа артты. Оның ішінде кәсіпорындардың өнертабыстарына патенттерді индустрияландыру деңгейі 48,1%-ды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,3 пайыздық тармаққа жоғары болды. Сонымен бірге патенттік құқықты бұзушылық тиімді түрде тежелді. 2022 жылы патенттік құқықты бұзушылыққа тап болған қытайлық патент иелерінің үлесі 7,7% құрап, екі жыл қатарынан 8% - дан төмен болды.

Сонымен қатар, зерттеудің көрсеткеніндей, 2022 жылы ұлттық жоғары технологиялық кәсіпорындар мен мамандандырылған және жаңа «кішкентай алып» кәсіпорындардың өнертабыстарына патенттерді индустрияландыру деңгейі сәйкесінше қытайлық кәсіпорындардың орташа деңгейінен 8 және 17,2 пайыздық тармаққа жоғары болады. Елімізде зияткерлік меншіктің артықшылықтары бар демонстрациялық кәсіпорындардың патенттерді индустрияландыру деңгейі 61,3%-ға жетіп, айтарлықтай жетекші рөлге ие болды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото