Шанхай ынтымақтастығы ұйымының экономикасы мен саудасына кешенді қызмет көрсету платформасы ресми түрде іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 желтоқсан

2 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шаньдун өлкесінің Цзяочжоу қаласында Шанхай ынтымақтастығы ұйымының экономикасы мен саудасына кешенді қызмет көрсету платформасы ресми түрде іске қосылды. Платформа ШЫҰ елдерінің жергілікті экономикалық және сауда салалары үшін әлеуметтік қызметтердің еліміздегі алғашқы әмбебап платформасы болып табылады. Қытай халықаралық саудасының «бірыңғай терезесіне» сүйене отырып, платформа Қытай мен ШЫҰ елдері арасында экономикалық және сауда ақпаратына қызмет көрсету және деректерді өзара ықпалдастыру орталықтарын қалыптастыру арқылы ШЫҰ елдері арасында экономика мен сауданы ашу және қаржыландыру бойынша демонстрациялық жоспар ұсынады.

«Қазіргі уақытта платформаның 1.0 нұсқасы онлайн веб-беттер, қалта қолданбалары және дербес корпоративтік қызмет көрсету орталықтары сияқты үш қолданбалы медианы әзірледі. Бұлар сауда мен логистикалық ұйымдарға, қаржы институттарына және бақылаушы органдарға қызмет көрсетеді»,- деп таныстырды Шанхай демонстрациялық аймағы партия-өнеркәсіп комитетінің мүшесі, басқару комитеті директорының орынбасары Мэн Циншэн. Платформа ақпаратты жан-жақты көрсету, кешенді функционалды қолдану, әмбебап деректерді жариялау сияқты 3 негізгі функцияны, 8 қолданбалы модульді және 73 қосымша функцияны әзірледі. Credit Shanghe трансшекаралық кредиттік есептеу, кедендік ресімдеу туралы ақпаратқа интеллектуалды сұрау салу, қағазсыз (цифрлық) аударымдар бизнесі сияқты ерекше қолданбалы қызметтерді кіріктірді. Ол әрі халықаралық логистикалық ірі арналардың құрылысын, трансшекаралық сауда туралы ақпарат алмасуды, екіжақты және көпжақты кедендік ресімдеуді жеңілдетуді, жеткізу тізбегін қаржылық қамтамасыз етуді қамтып, халықаралық сауданы біріктіру үшін әлеуметтік қызметтердің экожүйесін құрады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото