- Барлық ақпарат
Қытайда 191 миллион кәмелетке толмаған интернет қолданушылары бар
![]() |
1 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 30 қарашада жарияланған есепке сәйкес, еліміздегі кәмелетке толмаған интернет қолданушыларының саны 2021 жылы 191 миллионға жеткен.
2021 жылы Қытайдағы бастауыш сынып оқушылары арасында интернетке ену деңгейі 95,0%-ға жетті. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2,9 пайыздық тармаққа өскен. Кәмелетке толмағандардың интернетке қол жеткізу үрдісі айқын байқалады.
Интернеттегі уақытқа келетін болсақ, кәмелетке толмаған интернет қолданушыларының 66,0%-ы жұмыс күндері күн сайын орта есеппен жарты сағаттан аз уақыт өткізген. Ал кәмелетке толмаған интернет қолданушыларының 51,8%-ы мереке күндері күн сайын орта есеппен 1 сағатқа жуық интернет қолданған. Жұмыс күндері орташа есеппен 2 сағаттан көп уақыт өткізетін адамдардың үлесі 8,7% құрайды, ал мереке күндері интернетте орташа есеппен 5 сағаттан астам уақыт өткізетін адамдардың үлесі 9,9%-ды құрап, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2-3 пайыздық тармаққа азайған.
«Есеп» деректеріне сәйкес, соңғы алты айда интернетті оқу үшін үнемі пайдаланатын кәмелетке толмағандардың үлесі 88,9%-ға жетті. Музыка тыңдау және онлайн ойындар кәмелетке толмағандар үшін онлайн режиміндегі ойын-сауықтың негізгі түрлері болып табылады. Бұл сәйкесінше 63,0% және 62,3% құрайды. Онлайн әңгімелесудің үлесі 53,4%-ды құрайды.
Интернеттегі ойын-сауық саласында қысқа бейнебаяндарды жиі көретін кәмелетке толмағандардың үлесі 47,6% құрап, бұл 2020 жылмен салыстырғанда (49,3%) 1,7 пайыздық тармаққа төмендеген. Жанкүйерлерді қолдау бойынша онлайн шараларға жиі қатысатындардың үлесі 5,4% құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда (8,0%) 2,6% пайыздық тармаққа азайып, шамамен үштен біріне төмендеген.
people.cn © People's Daily Online