Шэньчжоу-15 басқарылатын ғарыш кемесі 29 қарашада ұшырылады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 қараша

28 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 28 қарашада Цзюцюань спутниктік ұшыру орталығында «Шэньчжоу-15» миссиясына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Қытай ғарыштық инженериясының баспасөз өкілі Джи Цимин кездесуде «Шэньчжоу-15» басқарылатын ғарыш кемесінің ұшуы 29 қарашада сағат 23:08-ге жоспарланғанын айтты. Ұшу экипажы Фэй Джунлун, Дэн Цинмин және Чжан Лу ғарышкерлерінен құралған. Командирі Фэй Джунлун болды.

Фэй Джунлун

Дэн Цинмин

Чжан Лу

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото