Си Цзиньпин Қ.Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 22 қараша

22 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 21 қарашада ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин «Бұл жолғы сіздің Сайлануыңыз Қазақстан халқының Сізге деген сенімі мен қолдауын толық көрсетеді. Мен Қытай-Қазақстан қатынастарын дамытуға ерекше мән беремін және екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын жаңа бастапқы нүкте етіп, Қытай мен Қазақстан арасындағы тұрақты және жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуды жалғастырып, тағдыры ортақ Қытай мен Қазақстан қауымдастығын қол ұстаса бірге құрып, екі ел мен екі ел халқының игілігі үшін өзіңізбен бірге жұмыс жасауға дайынмын», – деп жазды жеделхатта.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото