Қазақстан Қытайға балық өнімдерінің экспортын ұлғайтады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 15 қараша
Қазақстан Қытайға балық өнімдерінің экспортын ұлғайтады

15 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қарашаның 14 күнгі парламенттік Үкімет отырысында Қазақстан Қытайға балық өнімдерінің экспортын ұлғайтатынын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша балық шикізатын өңдеумен айналысатын 72 компания бар. Олардың ішінде 17 компанияның жұмысы сапаға қойылатын жоғары талаптарға сәйкесіп, Еуропа елдеріне балық өнімдерін экспорттауға біліктілік алды. Сонымен қатар, тағы 14 қазақстандық компания сертификаттауға өтінім берді»,- деді Серікқали Брекешев.

Ол Қазақстанның өнімдерінің Қытайға экспортталуына ерекше мән беретінін білдірді.

Министр экспорттық нарықты кеңейту мақсатында Қазақстан мен Қытай ветеринариялық сертификат туралы келісімге келгенін мәлімдеді.

Қазақстанның табиғи суларында жыл сайынғы балық аулау көлемі шамамен 40 000-45 000 тоннаны құрап, бұл деректер жылдан жылға артып келеді. Қазақстан жыл сайын 25 000 тонна балық пен су өнімдерін экспорттайды. Олардың көпшілігі өңделген өнімдер. Бұлар ішкі және халықаралық нарықта белгілі бір бәсекеге қабілеттілікке ие.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото