Қытайлық электромобильдер еуропалық нарықтың есігін қағуда

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 қараша

9 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Ұялы телефондар мен тұрмыстық техникадан кейін электромобильдер біздің елімізде механикалық және электротехникалық өнімдер экспортының жаңа өсу нүктесіне айнала ма?

Жақында Бас кеден басқармасы жариялаған мәліметтерге сәйкес, биылғы жылдың алғашқы 10 айында Қытайдың механикалық және электротехникалық өнімдерінің экспорты 11,25 трлн юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6% - ға өсті. Олардың ішінде электр-көлік құралдарының экспорты 116,2% - ға, яғни екі есеге өсті.

Биылғы жылдың алғашқы сегіз айында Қытайдан жаңа энергетикалық көліктерді экспорттаудың үш ірі нарығы Бельгия, Ұлыбритания және Таиланд болды. Бас кеден басқармасы олардың екеуінің Еуропа елдері екенін хабарлады.

«Қытайлық электромобильдер қазірдің өзінде Еуропадағы электромобильдердің жалпы сатылымының 10%-ын құрайды», - деді Қытай автомобиль қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары Чэнь Шыхуа журналистерге. Статистикаға сәйкес, қазіргі уақытта 10-ға жуық қытайлық автомобиль компаниялары Еуропаға жаңа энергетикалық көліктерді экспорттап, кеңінен танылды.

Қытайлық көліктер қалайша танымал болды?

Соңғы жылдары электромобильдердің танымалдылығының артуымен қытайлық автомобильдердің өнім деңгейі мен сапасы айтарлықтай жақсарды. Сонымен қатар, қолжетімді бағалар Қытайлық электромобильдердің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтты.

Шетелдік ғылыми-зерттеу институты Jato Dynamics-тың мәліметтері бойынша, Еуропадағы электромобильдердің орташа бағасы 2015 және 2022 жылдар аралығында 48 900 еуродан 55 800 еуроға дейін өскен. Ал Қытайда ол 66 800 еуродан 31 800 еуроға дейін төмендеді.

«Қазіргі уақытта біздің еліміздегі жаңа энергетикалық көліктердің орташа экспорттық бағасы шамамен 30 000 АҚШ долларын құрайды»,-деді Қытай автомобиль қауымдастығы бас инженерінің орынбасары Сюй Хайдун журналистерге. Экспортталатын көліктер қазір негізінен ақылды желілік мүмкіндіктерге ие, тіпті әртүрлі тілдерде дауыс және тану мүмкіндіктерін қамтиды. Осылайша, Қытайдан экспортталатын автомобильдердің бәсекеге қабілеттілігі жаман емес.

Көпке белгілі автокөлік брендінің халықаралық сатылымы мен қызметіне жауапты тұлға журналистерге интеллектендіру және жергілікті аймақтың талғамына үйлестіру тұтынушыларды баураудың екі кілті екенін айтты.

Еуропалық нарықтан айырмашылығы, Қытай нарығындағы электромобильдердің орташа бағасы жылдар бойы төмендеу себебі сала өкілдерінің пікірінше, ведомстволар тұжырымдаған өнеркәсіптік саясатпен тығыз байланысты.

Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі жабдықтар индустриясын дамыту орталығы директорының орынбасары Яо Чжэньчжидің айтуынша: «Өнеркәсіптік трансформация және модернизация тұрғысынан біздің (автомобиль) индустриямыздың шоғырлануы үнемі өсіп келеді». Қазіргі уақытта Қытайдың автомобиль өнеркәсібінің құрылымы үнемі жетілдіріліп отырады. Бұл өндіріс тізбегінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін тұрақты арттырудың маңызды себебі болып табылады.

Мемлекеттік Кеңестің Бас кеңсесі жариялаған «Жаңа энергетикалық көлік құралдары индустриясын дамыту жоспары (2021-2035)» EV, HEV (REEV-ді қамтиды), FCV көліктерін «Үш тік сызық» етіп,Көлік технологиялары саласындағы инновациялар тізбегінің схемасын жасауды, қуат батареялары мен басқару жүйелерін, жетек қозғалтқыштары мен қуат электроникасын, желілестік пен интеллектендіруді «Үш көлденең сызық» етіп,негізгі компоненттер үшін технологияны жеткізу жүйесін құруды ұсынды.

Осы саясаттың ықпалымен Қытайда электромобильдердің өнеркәсіптік кластері жетіліп келеді. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото