Қазақ актері Риза Әлімжанқызы қытайлық сериалдың ең жоғары марапатына ие болды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 қараша
Қазақ актері Риза Әлімжанқызы қытайлық сериалдың ең жоғары марапатына ие болды

2 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақ актері Риза Әлімжанқызы «Чэньхайцин» сериялы үшін қытайлық сериял feitian Award-дің үздік актрисасы марапатына ие болды.

«Чэньхайцин» телехикаясы 1990 жылдардың тарихын баяндайды. Мемлекеттің шығыс пен батысты үйлестіру саясатының басшылығымен Фудзянь өлкесі Нинсяға көмек көрсетіп, Оңтүстік Нинсяның таулы аймақтарындағы Сихайгоу тұрғындарының жел жеміріп, құм басқан кедей ауылына жаңа өміршеңдік күш қосады. Бұл Батыс Қытайдағы кедейліктің қиындықтары мен оған қарсы күрескендердің қажырлы еңбегін көрсетеді.

Риза Әлімжанқызы сериалда ашық жарқын, қажырлы әйел Ли Шуйхуа образын ойнады. Оның шеберлігі, дарыны, сериалдағы шынайы ойыны көрермендердің көңілінен шықты.

Feitian Award қытайлық сериал сыйлығы - бұл екі жылда бір рет берілетін теледидар санатындағы үкімет тағайындайтын сыйлық. Feitian Award сыйлығы Қытай теледидарының алтын бүркіт сыйлығы және Шанхай телевизиялық фестивалінің Магнолия сыйлығымен қатар қытайлық сериалдар үшін үш үлкен марапат ретінде танымал. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото