Дүниежүзілік интернет-конференцияның Вужэнь саммиті өтеді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 1 қараша

1 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 2022 жылғы Дүниежүзілік интернет-конференцияның Вужэнь саммиті баспасөз конференциясынан алған ақпаратына сәйкес, 2022 жылғы Дүниежүзілік интернет-конференцияның Wuzhen саммиті 9-11 қараша аралығында өтеді.

Конференцияның тақырыбы – «Интернет әлемін және цифрлық болашақты бірлесіп құру -тағдыры ортақ киберкеңістік қауымдастығын қалыптастырудің негізі».

Вужэньдегі бұл саммит Дүниежүзілік интернет-конференцияның халықаралық ұйымы құрылғаннан кейінгі жыл сайынғы отырысының алғашқы жиыны болып табылады. Басқосу «офлайн + онлайн» режимінде жүзеге асырылады.

Биылғы жылы конференцияға 120-дан астам ел мен аймақтан үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың, салалық институттардың, қытайлық және шетелдік интернет-компанияларының, сондай-ақ университеттің талдау орталықтарының 2000-ға жуық өкілі қатысады.

Сонымен қатар, ынтымақтастық пен дамудың, технологиялар мен өнеркәсіптің, гуманитарлық ғылымдар мен қоғамның, басқару мен қауіпсіздіктің төрт негізгі секторы төңірегінде жаһандық киберкеңістіктегі өзекті тақырыптар бойынша 20 кіші форум ұйымдастырылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото